Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында Денсаулық сақтау министрі тұрғындармен кездесті

Алматы облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңір тұрғындарымен және азаматтық сектор өкілдерімен кездесу өткізіп, денсаулық сақтау жүйесіндегі соңғы өзгерістер мен жоспарлар туралы айтты. Кездесу Үкіметтің «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» қаулысы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Министр биылғы 9 айдың қорытындысына тоқталып, саланың бірқатар оң көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті. Оның ішінде ең маңызды жаңалық – скринингтік тексерулердің кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетіне енгізілуі.

Ақмарал Әлназарованың айтуынша, енді Қазақстан азаматтары 76 жасқа дейін скринингтік тексерулерді ақысыз өте алады.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген пакетіне онкоскрининг те қосылды. Бұл 300 мың сақтандырылмаған азаматтың да тексеруден өтуіне мүмкіндік береді», – деді министр.

Бұл жаңалық ел арасында ең көп талқыланған жағымды өзгерістердің бірі болды.Кездесу барысында ведомство басшысы жедел-жәрдем қызметін жетілдіру бағытында атқарылған жұмыстарды да баяндады.

– 4-санаттағы жедел шақыртулар алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейіне берілді;
– мобильдік бригадалар мен call-орталықтар іске қосылды;
– жедел жәрдем жүктемесі 40–50%-ға төмендеді;
– жедел жәрдем кабинеттерінің ашылуы стационарларға түсетін өтініштерді 20%-ға қысқартты.

Министр медициналық сақтандыру жүйесін күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулерді де түсіндірді.

2026 жылдан бастап:
– МӘМС жарналарының есептеу базасы ұлғаяды;
– жүйеге қосымша 200 млрд теңге түседі.

2027 жылдан бастап:
– мемлекет жарналары 2%-дан 4,7%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.

Алматы облысында қазір халықтың 83,2%-ы сақтандырылған, 16,8%-ы сақтандырылмаған. Жұмысты жүйелендіру үшін өңірлік штаб құрылған.

Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын жаңғырту, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасатынын айтты.

«Халықтың сұранысына сай келетін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру – басты міндетіміз», – деп қорытындылады министр.

Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, саладағы өзекті мәселелер талқыланды.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz