Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл халқының табысы 22,7% көбейді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымын дамыту бойынша жоспарлар мен атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оның айтуынша, өңірде суармалы жерлерді кеңейту және су үнемдеу технологияларын енгізу басты басымдықтардың бірі болып отыр.

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – 9 мың шақырым ирригация желілерінің 60%-ы тозып, су шығыны 50%-ды құрап отыр.

Әкімнің мәліметінше, алдағы жылдары суару желілерін жаңғыртуға Ислам даму банкі арқылы 255 млрд теңге бағыттау жоспарланған. Нәтижесінде Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Райымбек және Ұйғыр аудандарында суару желілері жаңғыртылып, 111 мың гектар жер айналымға қосылады.

Өңірде ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмаған жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары да жалғасып жатыр. 2022-2025 жылдар аралығында 528 мың гектар пайдаланылмайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылып, оның 340 мың гектары қайтадан айналымға енгізілді.

Сонымен қатар, тұрғындарды ауыл кәсіпкерлігіне тартуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде бүгінге дейін 11 млрд теңгеге 1 373 шағын несие берілген.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, бұл шаралар ауылдағы табысты да өсірген. Ауыл халқының орташа табысы 22,7% артып, 311,4 мың теңгеге жетті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz