Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 751 млрд теңгеге жетеді

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте өңірдің ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы нәтижелері мен жоспарларын жариялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әкімнің айтуынша, агросектор облыс экономикасының басым бағыттарының бірі болып қала береді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 682,3 млрд теңге болып, өңірлік өнімнің 7%-ын берген. Биыл бұл көрсеткіш 3,3% өсіммен 751 млрд теңге деңгейінде жоспарланған. Ал 2025 жылдың 10 айында жалпы көлем 649,1 млрд теңгеге жетіп, НҚИ 101,1% болды.

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты да артып отыр, бұл көрсеткіш 345,2 млн АҚШ долларына жетіп, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 15% көбейді (2024 жылы – 299 млн доллар).

Әкім сүт-тауар фермаларының желісі мемлекеттік қолдау арқылы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өтті. Қазір өндірісті және сүтті қайта өңдеуді арттыруға бағытталған 13 жоба жүзеге асырылып жатыр, оған республикалық бюджеттен 15 млрд теңге бөлінген. 2024 жылы 1,3 млрд теңгеге екі жоба іске асты, ал биыл 7 100 бас ірі қараға арналған 11 жаңа сүт фермасының құрылысы аяқталмақ.

Бүгінде облыс ауыл шаруашылығына бөлінетін субсидия көлемі бойынша республикада 8-орында (38,2 млрд теңге). Соған қарамастан, жалпы өнім көлемі бойынша өңір тұрақты түрде алғашқы бестікте.

 

 

 

 

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz