Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны екі есе азайды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте білім, денсаулық сақтау және мәдениет салаларында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Әкімнің айтуынша, 2022 жылдан бері 45 жаңа мектеп және 6 жапсаржай салынды, сондай-ақ 55 мектеп күрделі жөндеуден өтті. Оның 11-і инвесторлар есебінен, ал 20-ы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған.

Жыл соңына дейін тағы алты мектеп ашу жоспарланып отыр.

Білім нысандарының көбейуі үш ауысымда оқытатын мектептер санын айтарлықтай қысқартқан. Мектеп инфрақұрылымын кеңейту нәтижесінде кейінгі үш жылда үш ауысымда білім беретін мектептердің саны 52-ден 28-ге дейін қысқарды.

«Осы орайда қалған 28 мектепті бір мезгілде бастап салу үшін отандық және шетелдік инвесторлады EPC механизмі бойынша келіссөздерге шақырамын», — деді Сұлтанғазиев.

Өңір әкімі денсаулық сақтау және мәдениет инфрақұрылымының да дамып жатқанын атап өтті.

Облыста 356 медициналық нысан бар, олардың 54%-ы тозған. 2022-2025 жылдар аралығында 55 нысанға құрылыс жұмысы жүргізілді. 6 млрд теңгеге 153 бірлік медициналық жабдық сатып алынды. Мәселен, 300 шақырым қашықтықта орналасқан Нарынқол ауылының тұрғындары Алматыға немесе облыс орталығына келместен толық медициналық қызмет ала алады.

Сонымен қатар 7 мәдениет үйі, 6 спорт кешені, мемлекеттік архив және өнер мектебі салынды.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz