Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Талғар ауданында жасөспірімнің өліміне байланысты әке ұсталды

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Тұздыбастау ауылында ауыр қылмыс тіркелді. Мас күйдегі ер адам 15 жастағы қызына 16 рет пышақ салған. Жасөспірім алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, күдікті ер адам ұзақ жылдар бойы алкогольге салынған. Оқиға күні ол қатты мас күйінде өз баласына қол көтергені айтылып жатыр. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесі туралы хабарды отбасының бір туысы полицияға жеткізген. Оқиға орнына жеткен полицейлер әкені алкогольдік масаң күйде ұстады.

Ведомствоның баспасөз қызметі қылмыстық істің «Кісі өлтіру» бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіні мас күйінде ұстады. Үйден қылмыстың құралы болуы мүмкін пышақ тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазір болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауында», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Жергілікті тұрғындар арасында қайғылы оқиғаға байланысты үлкен резонанс туындады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Мұхтар Шаханов өмірден өтті

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026

Алматы облысында бос жатқан жерлер егістікке айналып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.04.2026

Алматы облысында дрондар 376 жол ережесін бұзуды анықтады

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында 25 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

Алматы облысында ерекше балаларға арналған тұсаукесер өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz