Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жасөспірімдерге қатысты есірткі мен зорлық мәселесі көтерілді

Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде жастарды есірткі қылмысына тарту қаупінің алдын алу және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу мәселелеріне арналған баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
26.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жиында аталған бағыттар бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы мен негізгі міндеттер таныстырылды.

Іс-шараға Алматы облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дастан Жексенбеков және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығының» психологы Динара Қуатбекова қатысты.

Жасөспірімдерге бағытталған есірткі тәуекелі әлі де өзекті

Дастан Жексенбековтың айтуынша, өңірде синтетикалық есірткі айналымы мен оны интернет арқылы тарату деректері алаңдатып отыр. Қылмыстық топтар жасөспірімдерді көбіне мессенджерлердегі анонимді арналар мен «курьерлік жұмыс» деген жалған ұсыныстар арқылы құқықбұзушылыққа тартып жатады.

Спикердің мәліметінше, жыл басынан бері облыста жастар арасында кең ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілген. Соның ішінде:

  • 360-тан астам мектеп және колледждерде кездесулер өтті;

  • 1 000-нан астам есірткі жарнамасы анықталып, жойылды;

  • «Кибернадзор» жүйесі арқылы онлайн арналар тұрақты бақылауда;

  • 121 еріктілер акциясы ұйымдастырылды;

  • әлеуметтік желілерде 414 ақпараттық материал жарияланды.

«Басты мақсатымыз – қылмысты анықтау ғана емес, жастарды есірткі бизнесінің ықпалынан алдын ала қорғау. Ең үлкен қауіп – жасөспірімдердің жеңіл табысқа тез алдануы», – деді Дастан Жексенбеков.

Психолог Динара Қуатбекованың айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуда жан-жақты психологиялық қолдау маңызды рөл атқарады. Эмоционалды қысым, агрессия, травмалық жағдайлар жасөспірімдер мен әйелдерді күйзеліске түсіріп, кей жағдайда есірткіге қызығушылық тудыруы мүмкін.

Орталықта жәбірленушілерге кешенді көмек көрсетіледі:
– психологиялық консультациялар;
– диагностика;
– қолдау топтары;
– дағдарыс жағдайында жедел көмек;
– әлеуметтік-психологиялық патронаж.

Сарапшылар жастарды есірткі қылмысынан және тұрмыстық зорлық-зомбылық қауіпінен қорғауда ата-аналар, білім беру ұйымдары, полиция және әлеуметтік қызметтердің өзара әрекеті шешуші рөл атқаратынын атап өтті.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz