Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұйғыр ауданында іскер әйелдерді қолдауға арналған кең ауқымды форум өтті

Ұйғыр ауданында әлеуметтік-экономикалық дамуға елеулі үлес қосып жүрген белсенді, іскер әйелдерді қолдауға бағытталған «Іскер әйел ісімен көркем» атты кең көлемді форум ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alataunews.kz Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мөлдір Иманмади
26.11.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Шараға әйел кәсіпкерлер, мемлекеттік орган өкілдері, түрлі саланың мамандары және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Форумның негізгі мақсаты – ел дамуына еңбегімен, кәсібімен және жаңа бастамаларымен үлес қосып жүрген әйелдердің қоғамдық рөлін арттыру, табысты тәжірибелерін көпшілікке үлгі ету және жас буынға мотивация беру.

Форум барысында қатысушылар әйелдердің өңір экономикасындағы рөлі, ауылдық аймақтардағы жаңа мүмкіндіктер, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау тетіктері және гендерлік теңдік жобалары туралы пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы форумның ашылуында әйелдердің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы орнын ерекше атап өтті: «Бүгінгі форум – ауданымыздағы әйелдер қауымының белсенділігін, еңбектегі табандылығын және қоғам өміріне қосып отырған үлесін танытуға арналған маңызды алаң. Біздің мақсатымыз – әрбір әйелдің қабілетін ашуға, өз ісін дамытуға және жаңа бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау. Іскер әйелдерді қолдау – ауданның тұрақты дамуының басым бағыттарының бірі», -деді ол.

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының өкілі Әсел Тунликбаева әйелдердің өңір дамуына қосқан үлесін атап өтті: «Қандай салада болмасын, әйелдердің іскерлігі, табандылығы мен жауапкершілігі аймақтың әлеуметтік-экономикалық тынысын кеңейтіп отыр. Әйел кәсіпкерлерді қолдау – тек экономикалық емес, қоғам дамуының маңызды басымдығы. Біз табысты тәжірибелерді насихаттау арқылы жаңа буынның белсенді болуына ықпал етеміз», — деді ол.

Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Кайсаровна әйелдердің әр саладағы белсенділігін атап өтті: «Бүгінде әйелдер ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету, білім беру, әлеуметтік жобалар сияқты көптеген бағыттарда жоғары белсенділік танытып отыр. Кеңес ретінде біздің міндетіміз – әр кәсіпкер әйелге ақпараттық, консультациялық және менторлық қолдау көрсету. Әйелдің қолынан шыққан әр жоба – өңірдің дамуына қосылған үлес», — деді ол.

Алматы облысы әкімінің гендерлік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Бақытгүл Қазезбайқызы: «Әйелдердің қоғамдағы орны – тек отбасы немесе шағын бизнес аясымен шектелмейді. Олар ауылдық аймақтардың әлеуметтік өмірі мен экономикалық белсенділігін айқындайтын негізгі қозғаушы күштердің бірі. Гендерлік теңдік – құқықтық талап қана емес, тұрақты даму үшін маңызды стратегия. Әр әйел өз идеясын еркін іске асыруға мүмкіндік алуы тиіс», – деді Бақытгүл Қазезбайқызы.

Меруерт Сағындыққызы (облыстық мәслихат депутаты, «АМАНАТ» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы): «Әйел кәсіпкерлер – өңірдің ғана емес, бүкіл елдің экономикалық өсіміне серпін беретін күш. Олар жаңа жұмыс орындарын ашып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, қоғамға нақты өзгеріс енгізіп келеді. Біз үшін басты міндет – олардың мүмкіндіктерін кеңейту және кедергілерді азайту», — деді ол.

Шара барысында ауданның өркендеуіне үлес қосқан бірқатар әйелдер аудан әкімі мен Кәсіпкерлер палатасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Форум аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум алдағы уақытта дәстүрлі форматқа айналып, әйел кәсіпкерлердің тәжірибе алмасуына және жаңа жобалардың іске асуына серпін береді.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz