Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Сонар – 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті

Алматы облысында 20–23 қараша аралығында өткен әйгілі құсбегі Байжүніс Кодекұлының 105 жылдығына арналған «Сонар – 2025» халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданында ұйымдастырылған бұл беделді жарысқа шет мемлекеттер мен еліміздің түрлі өңірлерінен келген саятшылар қатысып, ұлттық аңшылық өнердің жоғары деңгейін көрсетті.

Биылғы додаға Қырғызстан, Моңғолия, Қытай және Өзбекстаннан келген құсбегілермен бірге Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысты. Барлығы 55 бүркіт, 20 қаршыға және 13 ителгі тіркеліп, шеберлік сынға түсті.

Жарыс нәтижесінде қатысушылар келесі номинациялар бойынша марапатталды:

Бүркіт салу

  • I орын: Серікбекұлы Ерасыл (Астана)

  • II орын: Жақсыбек Беймұрат (Алматы)

  • III орын: Баетбай Ермұхан (Алматы)

  • III орын: Абди Жадырасын (Алматы)

Қаршыға салу

  • I орын: Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)

  • II орын: Баетбай Сағыныш (Алматы облысы)

  • III орын: Жамбыл Досымжан (Алматы облысы)

  • III орын: Сұлтанғазы Жандос (Алматы)

Ителгі салу

  • I орын: Оспанкұлов Танат (Қарағанды облысы)

  • II орын: Мұратов Ақан (Қарағанды облысы)

  • III орын: Бабажан Бағдаулет (Жамбыл облысы)

  • III орын: Әлімқақов Мирас (Шығыс Қазақстан облысы)

Турнир жеңімпаздарына арнайы дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс ұлттық құндылықтарды насихаттауға және саятшылық өнерін жаңа буынға танытуға ықпал етеді.

Айта кетейік, «Сонар – 2025» халықаралық турнирін өткізуге «Құсбегілік федерациясы» РҚБ-нің бас серіктесі — ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz