Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Полиция Алматы облысындағы жолдардың сапасын және жүргізушілер тәртібін бақылауға алды

Алматы облысында жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында кең ауқымды рейд өтті. Өңірдің полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев, журналистер және жол қозғалысы ережелері бойынша қоғамдық сарапшы Аян Сауранбаевпен бірге облыс аумағындағы бірқатар автожолдардың жағдайын тексерді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Оның негізгі мақсаты – жолдардағы тәртіпті күшейту, жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру.

Рейд барысында облыстың полиция басшысы жол-патрульдік қызмет инспекторларының жұмысын тексеріп, апат жиі болатын учаскелердің жай-күйіне баға берді. Мамандар мен тұрғындардан түскен ұсыныстар да сол жерде қаралды. Тексеру кезінде жылдамдықты арттыру, қауіпті маневр жасау және қозғалыс ережелерін өрескел бұзу сияқты бірнеше құқықбұзушылық анықталып, дереу тоқтатылды.

Мейрам Әбікеев жол жөндеу жұмыстарының сапасын да бақылауға алды. Алматы–Өскемен және Қапшағай–Құрты бағыттарында қайта жаңарту жұмыстары жүріп жатқан учаскелерде полиция бастығы мердігер мекемелерге орын алған кемшіліктерді көрсетіп, оларды жою бойынша нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ жұмыстардың мерзімі мен сапасын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.

«ҚазАвтоЖол» АҚ өкілдерімен бірігіп жүргізілген тексеріс барысында жол жамылғысының сапасы, таңбалардың дұрыстығы және EKIN мен «Қорғау» камералық бақылау жүйелерінің жұмысы тексерілді. Тексеру қорытындысында облыстық полиция бастығы қызметкерлерге ескерту жасай отырып, жолдағы әрбір кемшіліктің азаматтардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтті.

Полиция мұндай тексерістер мен профилактикалық шаралар өңірдегі жол-көлік оқиғаларының алдын алуға айтарлықтай көмектеседі деп отыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz