Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында жол қауіпсіздігін 10 мың камера мен жасанды интеллект бақылайды

Алматы облысында жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне байланысты жол бойындағы бақылау жүйелері жаңартылып жатыр. Өңірде соңғы үлгідегі жасанды интеллектпен (ЖИ) жабдықталған бейнекамералар орнатылып, қауіпті учаскелерді бақылау күшейтілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Полиция департаментінің мәліметінше, өңір аумағында 10 мыңнан астам бейнебақылау камерасы орнатылған. Бақылау жүйелерінің басым бөлігі жол-көлік оқиғалары жиі болатын қауіпті учаскелерге қойылған. Солардың бірі – Үлкен Алматы айналма жолы (УААЖ), қала маңындағы қозғалысы ең қарбалас бағыттардың бірі.

Қазір осы магистраль бойындағы 50-ге жуық камера жасанды интеллект жүйесімен жабдықталды. Жаңартылған технология жол үстіндегі кез келген қауіпті жағдайды автоматты түрде анықтап, орталыққа дереу хабар береді.

Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеевтің айтуынша, заманауи цифрлық бақылау жүйелерін енгізудің басты мақсаты – жолдағы тәртіпті күшейтіп, апат санын азайту.

«325 автоматтандырылған бақылау кешені, 9100 камера орнаттық. Мұның бәрі – жүргізушілер жол ережесін бұзбай, апатқа ұрынбасын деген мақсат. Бірақ технология қанша дамыса да, жүргізушілердің мәдениеті өзгермейінше, нәтиже толық болмайды», – деді ол.

Цифрлық бақылау тек республикалық маңызы бар жолдармен шектелмейді. Соңғы үлгідегі камералар 32 ауылдық елді мекенге орнатылып жатыр. Полиция қызметкерлері күн сайын облыс бойынша 100-ден астам жол ережесін бұзу дерегі тіркелетінін айтады.

Жүргізушілер де бақылау жүйесінің пайдасын атап өтті. Олардың сөзінше, камералар көбейгелі жылдамдықты арттыру фактілері азайған, жолдағы тәртіп жақсарған.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz