Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қараңғыда адасқан туристер құтқарылды

Алматы облысының Талғар ауданында тауға шыққан екі турист қараңғы түскен соң жол таба алмай, құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Оқиға Букреев шыңында тіркелді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
24.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Алдын ала мәліметке сәйкес, туристер тауға күндіз көтерілген, алайда уақытты дұрыс жоспарламай, қараңғы түскенде өз бетімен қайта түсу мүмкін болмаған. Олар құтқару қызметіне хабарласып, өздерінің Көтұрбұлақ шыңында орналасқанын айтқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына аттанған құтқарушылар Көтұрбұлақ шыңына бағыт алғанымен, туристерді Букреев шыңынан тапқан.

«Құтқарушылардың жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында екі адам да аман-есен төмен түсірілді. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп хабарлады ведомство.

Бұл — соңғы күндері өңірде тіркелген жалғыз жағдай емес. Бұған дейін Алматы тауларында Башұта шыңынан түсу кезінде адасып қалған туристер тобы да құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Қараңғыда олардың қара түсті күртешелері оларды табуды қиындатқан.

Құтқарушылар тұрғындарға тауға шығар алдында ауа райын, уақытты және қауіпсіздік талаптарын мұқият ескеруді ескертеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz