Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев–Талдықорған жолында энергия үнемдейтін 4G станциясы орнатылды

20 қараша күні Beeline брендімен қызмет көрсететін «КаР-Тел» ЖШС Huawei Technologies Kazakhstan LLP компаниясымен бірлесіп, Қонаев–Талдықорған автожолы бойында жаңа 4G базалық станциясын іске қосты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Нысанның басты ерекшелігі – күн панельдерімен жабдықталуы. Бұл оны өңірдегі Huawei компаниясының энергияны үнемдейтін алғашқы базалық станциясына айналдырды.

Компания өкілдерінің айтуынша, жобаның мақсаты – облыстың маңызды көлік дәліздерінің бірінде мобильді байланыстың сапасын жақсарту және жоғары жылдамдықты интернетке тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету. Жаңа станция іске қосылғаннан кейін Beeline абоненттері жолдың бүкіл бойында жоғары жылдамдықты мобильді интернетті пайдалана алады.

Бұл жаңалық жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға, жолаушылардың қолайлылығын жақсартуға, сондай-ақ транзиттік және логистикалық ағымдарды дамытуға ықпал етеді.

Компаниялар автомобиль жолдарын сапалы байланыспен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыратынын мәлімдеді. Алдағы уақытта өңірдің телекоммуникациялық инфрақұрылымын кеңейту және жаңғырту арқылы халық пен бизнеске арналған цифрлық қызметтердің қолжетімділігін арттыру жоспарлануда.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz