Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ауыл әкімдері округтерді дамытуға арналған жаңа бастамаларын ұсынды

Алматы облысында ауылдық округ әкімдері мен облыс басшылығы арасындағы жұмыс кездесулері мазмұнды әрі нақты ұсыныстарға негізделген жаңа деңгейге шықты. Бұған Қонаев қаласында іске қосылған «Әкімдер мектебі» жобасы айтарлықтай серпін берді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жоба ауыл әкімдеріне заманауи басқару дағдыларын меңгеруге мүмкіндік беріп, тиімді шешім қабылдауға арналған алаң қалыптастырды.

Өңірдің тоғыз ауданынан жиналған ауыл әкімдері облыстық әкімдікте бас қосып, өз округтерін дамытуға қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Ауыл басшылары тікелей халық сайлаған сайланбалы тұлғалар ретінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға жауапты.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев ауыл деңгейіндегі мәселелерді жедел шешудің маңызын атап өтті:

«Ауыл – өңір экономикасының негізі. Мәселені облысқа дейін жеткізбей, жергілікті жерде шешкен дұрыс. Егер ұсыныстар ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға бағытталса, біз оны қолдауға дайынбыз», – деді өңір басшысы.

Кездесуде ауыл әкімдерінің халық алдында тұрақты есеп беру практикасын заңмен бекіту ұсынылды. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін күшейтуді көздейді.

Сонымен қатар ауыл бюджеттерін ұлғайтуға бағытталған ұсыныстар жасалды. Әкімдерге көлік иелері туралы ақпаратқа қол жеткізу, жылжымайтын мүлікті нарықтық бағалау, жеке табыс салығын жұмыс орны бойынша төлеу тәртібін енгізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу инфрақұрылымын дамыту мәселесі де талқыланды. Әкімдер шағын цехтар, сою пункттері мен қоймаларды өңірлік стандарттардың міндетті элементіне айналдыру қажеттігін айтты.

«Ауыл аманаты» жобасын жүзеге асыру кезінде кепілдің болмауы көптеген тұрғындар үшін мәселеге айналған. Осыған байланысты «Даму» қоры арқылы кепілдік беру және тауарлық несие тетіктерін енгізу ұсынылды. Сондай-ақ ауылдар мен кооперативтердің нақты мамандануын жүйелі есепке алу қажеттігі көтерілді.

Жиында кадрлық мәселелер де назардан тыс қалмады. Ауыл әкімдіктері аппараттарының жалақысы мен KPI жүйесін жаңарту қажеттігі айтылды. Жер және ветеринария мамандарының штаттық бірліктерін енгізу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына арналған үлгілік жобаларды дайындау ұсынылды.

Цифрландыру саласында да бірқатар кедергілер бар екені айтылды. Мемлекеттік деректер базаларына қолжетімділіктің шектеулілігі ауылдарда мониторинг жүргізуді қиындатып, жедел жәрдем шақыруды үйлестіру мен көшедегі қаңғыбас жануарларды ұстауда қиындық туғызатыны атап өтілді.

Жиналған барлық ұсыныстар жүйеленіп, тиісті мемлекеттік органдарға жолданатын болады. Ауыл әкімдері алдағы уақытта Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін республикалық диалог алаңында өз бастамаларын таныстырады.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Қазыбек Дауталиев ауыл әкімдерінің кәсіби деңгейінің артқанын атап өтті:

«Бүгінде ауыл басшылары кездесулерге шағыммен емес, идеямен келеді. Бұл – нәтижеге бағытталған жұмыстың көрсеткіші. Біздің міндет – осы қарқынға қолдау көрсету», – деді ол.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz