Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Түрген ауылында табиғи томат соустарының өндірісі қарқын алып келеді

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Түрген ауылында бірнеше жыл бойы италиялық үлгіде дайындалатын табиғи томат соустары өндірісі табысты дамып келеді. Del Pomo компаниясы шығаратын өнімдер жергілікті қызанақтан әзірленіп, сапасы мен ерекше дәмімен тұтынушылардың жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.11.2025
Аймақ

Компания негізін қалаушы, шеф-повар әрі халықаралық кулинарлық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы Андрей Неумывакин соус дайындаудың авторлық рецептурасын әзірлеген. Оның айтуынша, Заилийский Алатауының баурайында өсетін Pelati, San Marzano және Appachi қызанақ сорттары италиялық технологияға барынша сай келеді. Бүгінде бұл сорттар Del Pomo өнімдерінің негізгі шикізаты.

Кәсіпорын жергілікті фермерлермен тұрақты түрде жұмыс істеп, қызанақ жеткізу тізбегін жолға қойған. Қазіргі таңда компания жылына 100 тоннадан астам өнім өндіреді. Томат соустары Алматы қаласы мен облыстағы мейрамханаларға, қонақ үйлерге, пиццерияларға, кафе, базар және мектептерге жеткізіледі.

Del Pomo бренді 2022 жылы құрылған. Өндіріс ашу идеясы Андрей Неумывакин Астанадағы мейрамхана кешенінде жұмыс істеп жүрген кезінде пайда болған. Сол кезде ол екі тонна қызанақтан авторлық соус әзірлеп, жеке кәсіпорын құру қажеттігін түсінгенін айтады.

Компания өнімдерінің басты ерекшелігі — табиғилығы. Соустардың құрамында бояғыш, күшейткіш, химиялық қоспалар мен глютен жоқ. Мәселен, Passata di pomodoro Arrabbiata — чили мен паприка қосылған ащылау соус, ал Passata di pomodoro per Pizza — райхан, тимьян, розмарин сынды жаңа піскен шөптермен дайындалатын классикалық пицца соусы.

Del Pomo өнімдері жақында Есік қаласы мен Түрген ауылындағы дүкендерге қойылып, жергілікті тұтынушылар арасында танымал болып жатыр.

Келесі жылы кәсіпкер өндірісті кеңейтіп, томат өнімдерін шығаратын жаңа желіні іске қосуды жоспарлап отыр. Өндіріс көлемін бес есеге арттыру көзделуде. Сонымен қатар компанияға Италия тарапынан коммерциялық ұсыныс түсіп, кәсіпорын мемлекеттік қолдауға үміт артып отыр.

Өңір кәсіпкерлері ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде жаңа технологияларды енгізу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мұндай өндіріс орындарының дамуы Алматы облысы экономикасының өсуіне елеулі үлес қосып отыр.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

«Көктем-2026»: в регионах страны отрабатывают готовность к паводкам

Николай Иващенко
26.02.2026

Президент Сербии Александр Вучич прибыл в Астану с официальным визитом

Николай Иващенко
26.02.2026

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

В Алматинской области стартовали Республиканское командно-штабное учение «Көктем–2026»

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz