Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

РЕЗОНАНСТЫ ІС: ТАЛҒАРДА ХАСАН ҚАСЫМБАЕВҚА ҮКІМ ШЫҚТЫ. СОТ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Алматы облысы Талғар аудандық сотында «Хуторские» қылмыстық тобының басшысы деп танылған Хасан Қасымбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
11.11.2025
Мақала
Screenshot

Screenshot

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлады, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді және қорқытып ақша бопсалады деген айыптар бойынша кінәлі деп тапты. Айыптардың жиынтығы бойынша ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын орта қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

СОТТА ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ТАПТАЛДЫ

Ашық сот өткеніне қарамастан, сотталушылардың өтініші бойынша журналистер сот залынан қуылды. Алғашында тек тілшілер кетіп, операторларға түсіруге рұқсат етілгенімен, кейін оларды да шығарып жіберді. Сотталушылардың сөзін жерге тастамаған тәртіп сақшылары, журналистердің қарсылығын құлақтарына да ілмеді. Нәтижесінде БАҚ өкілдері сот үкімін қуықтай бөлмеде, жәшіктей теледидардан тыңдауға мәжбүр болды.

ХАСАН ҚАСЫМБАЕВ НЕ ДЕЙДІ?

Фото: kaztag

Соңғы сөзінде Қасымбаев өз кінәсін мойындамай, іс қолдан жасалғанын айтты. Ол соттан «қылмыс құрамы болмағандықтан» ақтап шығуды сұрады. Алайда сот алқасы оның уәждерін негізсіз деп санады.

Бүгін аяқ асты ашуға булыққан Хасан Қасымбаев сотталушылар отырған орынның әйнегін екі рет ұрып сындырды.

Бұған адвокаты: “Әркім өзінің қарсылығын көңіл-күйіне қарай әртүрлі білдіреді. Мен өз көзіммен көрмегендіктен оның әрекетіне баға бере алмаймын”, — деп жауап берді.

Тәртіп сақшылары да осы әрекеттен кейін журналистерді қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шығарып жіберіпті-мыс.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ…

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың жазында Талғарда айыпталушылар аралас жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Алимовқа шабуыл жасап, ұрып-соғып, Кендала ауылының сыртына алып кеткен. Тергеу нұсқасына сай, себеп – Әлімовтың «Қасымбаев мен үшін “авторитет” емес» деген сөзі болған. Осыны естіген Қасымбаев оны «жазасын беруге» шешім қабылдап, серіктерін шақырған.

2021 жылы осы оқиғаға қатысы бар үш адам – С.А., Д.А. және М.К. – бұзақылық бабы бойынша сотталған. Кейін тергеу қайта жандандырылып, Р.А. мен Н.С. қылмыстық іске қосылды. 2024 жылы бұл бесеуіне үкім шыққан. Ал сол жылдың қарашасында іс жаңа деректерге байланысты қайта қаралып, алтыншы күдікті ретінде Хасан Қасымбаев қосылды.

Бұдан бөлек, Қасымбаевқа қатысты бопсалау ісі де қаралды. Тергеу нұсқасы бойынша, ол сыбайластарымен бірге кәсіпкер Арипжан Тажиевтен дәріханасы үшін ақша талап еткен. Жәбірленушіні ұрып, бір миллион теңге беруді мәжбүрлеген.

Айта кетейік, жергілікті тұрғындар Қасымбаевты «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобының басшысы деп атайды. Оның есімі 16 жастағы Шерзат Полаттың (Болаттың) өлімінен кейін жиі атала бастады. Қоғамда бұл қылмысқа «Хутор тобының» қатысы бар деген болжам тараған еді.

Алайда мұндай ОПГ-ның бар екенін ресми органдар дәлелдеген жоқ. 2024 жылы ІІМ мен прокуратура өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарған. Сол жылдың қазан айында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауржан Аленов:

«Бізде “Хуторские” деген ұйымдасқан топ ресми тіркелмеген», – деп мәлімдеген болатын.

АДВОКАТТАР АППЕЛЯЦИЯҒА БЕРЕМІЗ ДЕП АТОЙ САЛЫП ОТЫР!

Мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Қасымбаевқа 15 жыл, ал өзге айыпталушыларға 9 жылдан 22 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.

Ал Хасан Қасымбаевтың адвокаттары болса, қылмыс дәлелденбеді дегенді алға тартып, сотталушының еш кінәсі жоқ деп отыр.

“Хасан Қасымбаевтің еш кінәсі жоқ. Тажиевтің ісі бойынша Қасымбаевқа Қаулы шығарылып, қудалау қысқартылған. Енді былтыр жаңа мән-жайлар шықты деп сол кездегі сот үкімі бұзылып отыр”, — деді Қасымбаевтің адвокаттарының бірі Нариман Кервенов.

Ал сіздің ойыңызша қанша жыл беруі керек еді деген тілшінің сұрағына екі адвокат та еш қаймықпастан: “Ақталу керек!” деп жауап берді.

“Екі жәбірленуші бойынша да дәлел табылмады. Тажиев ісі 2016 жылы болған, Алиев ісі 2021 жылы болды. Одан бері қанша уақыт өтті. Егер Хасан Қасымбаев кінәлі болса, сол кезде жауапқа тартылмады ма?! 5 күннен кейін Үкімнің толық нұсқасын аламыз. Одан кейін 15 күн уақытымыз бар. Біз бұны бұлай қалдырмаймыз, ары қарай аппеляцияға береміз”, — деді адвокат Гүлмира Бабажанова.

Айта кетейік, сотта Хасан Қасымбаевтің құқығын 5 адвокат қорғады.

СЫБАЙЛАСТАРЫ ҚАНДАЙ ЖАЗА АЛДЫ?

Фото: Tengrinews.kz/Болат Айтмолда

Сот шешімі бойынша:

• Мадияр Қалимжанов – бұрын ауыр қылмыс (бұзақылық) жасағаны үшін сотталғанын ескере отырып, 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;

• Сайлау Актанов – сондай-ақ бұрынғы ауыр қылмысы (бұзақылық) үшін 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды;

• Нұрмұхамед Сұлтанбеков – бұрын аса ауыр қылмыс (адам өлтіру) жасағаны үшін сотталғанын ескере отырып, 22 жылға бас бостандығынан айырылды;

• Ал Руслан Алиев пен Данияр Аскар – бұрын сотталмаған, екеуі де 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Тегтер: Басты жаңалықтарТалғар сотХасан Қасымбаев

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz