Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Наурызбай ауданында жаңа емханалар салынады

500 адамға арналған 2 жаңа емхана мен 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салу жоспарланып отыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен өткен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Alataunews.kz.

18.08.2022
Жаңалықтар, Қоғам

Қала әкімі аудан емханаларының шамадан тыс жүктелуіне инфрақұрылымның жылдам дамуы және аудан халқының жыл сайын 10-12 мыңға өсіп отыруы себеп болып отыр дейді. Мәселені шешу үшін Алматы қаласының әкімдігі 500 келушіге арналған 2 жаңа емхана мен 200 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отыр.

«Ақжар шағын ауданында 200 орындық дәрігерлік амбулатория құрылысына ЖСҚ әзірленіп жатыр. Биыл желтоқсан айында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын аламыз. Құрылыс монтаж жұмыстарының басталуы — 2023 жылдың 1 тоқсаны. Сонымен қатар, Құрамыс шағын ауданында емхананың ЖСҚ әзірленді. Осы жылдың қараша айында мемлекеттік сараптама қорытындысын аламыз. ҚМЖ 2023 жылдың 2 тоқсанында басталады», — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, Шұғыла шағын ауданында емхананың ЖСҚ әзірлеуге конкурс жариялау үшін құжаттама дайындалып жатыр. Мемлекеттік сараптаманың қорытындысын 2023 жылғы желтоқсанда алу жоспарланып отыр.

Тегтер: Наурызбай ауданы

Соңғы жаңалықтар

Көлсайда Қызыл кітапқа енген қоңыр аю видеоға түсіп қалды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласына білікті мамандарды тарту үшін қандай жағдай жасалады?

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алатау қаласының виртуалды көшірмесі жасалмақ

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Алматы облысында әлем чемпиондары мен халықаралық жарыстардың жүлдегерлері марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

Мемлекеттік органдар азаматтардың өтінішіне қалай жауап беруі тиіс? Сарапшы түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
15.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz