Іс-шара №4 мәжіліс залында ұйымдастырылып, жиынға облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері мен белсенді азаматтар қатысты.
Кездесуді Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаев ашып, өңірдегі азаматтық қоғам институттарының дамуындағы ҮЕҰ-дардың рөліне тоқталды.

Кездесу барысында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Жұмашұлы Жакупов өңірде үкіметтік емес ұйымдармен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Ол азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру және ҮЕҰ-мен әріптестікті нығайту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Сонымен қатар, «Устойчивое развитие местных сообществ» қоғамдық қорының төрағасы Елена Кенесова мен «PARYZ ЕРІКТІЛЕРІ» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Айтқазы өз ұйымдарының тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік жобаларды іске асырудағы ұсыныстарын жеткізді.
Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, азаматтық қоғамды дамыту мен ҮЕҰ-лардың әлеуетін арттыру жолдарын талқылады.
Кездесуді қорытындылаған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев үкіметтік емес ұйымдармен серіктестік қоғамның дамуына серпін беретінін атап өтіп, алдағы уақытта да ынтымақтастық жалғасатынын жеткізді.





