Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі мен заң талаптары түсіндірілді

Алматы облысы әкімінің аппаратында мемлекеттік қызметшілер арасында Әдеп кодексінің талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру мақсатында семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
05.11.2025
Мақала
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Шараны облыс әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ұлан Серікұлы Қалжанов өткізді. Ол өз баяндамасында мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігі, заңдылық пен әділдік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ құқықбұзушылыққа төзбеушілік бағыттарына ерекше тоқталды.

Семинарға Алматы облысы Полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Жанар Көптілеуова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Айдана Нұрғалиева, Алматы облысы Дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлімінің басшысы Мадияр Дүнгенбек және «Stop Violence EndTyranny» қоғамдық қорының құрылтайшысы Мөлдір Жұмабаева қатысып, баяндама жасады.

Кеңес барысында Әдеп кодексінің нормалары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалардың негізгі ережелері, сондай-ақ діни қызмет саласындағы құқықтық талаптар түсіндірілді.

Мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы абыройы мен этикалық келбетін сақтау, қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі құқықбұзушылықтардың алдын алу, көлікті масаң күйде басқаруға жол бермеу және әйелдерге қатысты кемсітушілік пен жыныстық қудалаудың алдын алу мәселелері талқыланды.

Түсіндіру жұмыстары келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы заңнаманы сақтау;

Әдеп кодексі талаптарын орындау;

Қоғамдық орындарда және көлікті масаң күйде басқарудың алдын алу;

Ұжым ішінде гендерлік теңдік пен өзара сыйластықты сақтау;

Деструктивті іс-әрекеттер мен радикалды идеяларға тартылудың алдын алу.

Мемлекеттік қызметшілердің көкейіндегі сұрақтар көтерілді

Семинар барысында қатысушылар өздерін толғандырған бірнеше өзекті сұрақтарды қойды. Соның ішінде ең жиі көтерілген сауал — мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен қосымша табыс көздеріне қатысты болды.

Қызметкерлердің айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің жалақысы соңғы рет 2021 жылы көтерілген, содан бері төрт жыл өтті. Осыған байланысты жалақы мөлшерін арттыру жоспарланып отыр ма деген сұрақ қойылды.

Бұл сауалға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының өкілі жауап беріп, мәселенің назарға алынатынын және тиісті деңгейде қарастырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ қатысушылар мемлекеттік қызметшілерге қосымша табыс табу мүмкіндігі жөнінде сұрады. Бұл сұраққа мамандар заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің кәсіпкерлікпен айналысуына және қосымша табыс табуына шектеу қойылғанын түсіндірді. Дегенмен кейбір жағдайларда қосымша табыс көздерін қарастыру мүмкіндігі орталық аппарат деңгейінде қарастыруға болатыны айтылды.

Семинар соңында Әдеп жөніндегі уәкіл Ұлан Қалжанов мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатынын атап өтті. Оның айтуынша, басты мақсат — мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық, әділдік пен жауапкершілік қағидаттарын бекіту және қоғам тарапынан сенім деңгейін арттыру.

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz