Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев Іле ауданындағы мектептердің жағдайын тексерді

Мөлдір Иманмади
31.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев жұмыс сапары барысында Іле ауданындағы бірқатар жалпы білім беретін мектептерді аралап, білім нысандарының қазіргі жағдайымен танысты.

Солардың бірі – М.Түймебаев ауылындағы №20 орта мектеп. Бұл ғимарат 2024 жылғы 10 қыркүйекте Алматы облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес Іле ауданы әкімінің аппаратының теңгеріміне берілген болатын.

Мектеп ғимаратына төтенше жағдайдың салдарын жою және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сараптама қорытындысына сәйкес, жобаның сметалық құны 1 млрд 625,9 млн теңгені құраған. Оның ішінде 1 млрд 541,4 млн теңге бөлініп, қаржының тең жартысы облыстық (770,7 млн теңге), ал қалған бөлігі аудандық бюджет есебінен (770,7 млн теңге) қаржыландырылған. Үнемделген қаражат көлемі 84,5 млн теңге болды.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «ARCH STROY INVEST» ЖШС-мен 1 млрд 497,2 млн теңгеге жасалған келісімшарт аясында атқарылды. Авторлық қадағалауды «АРЛАН-проект құрылыс» ЖШС, техникалық қадағалауды «KA Lider LTD» ЖШС жүзеге асырды.

Мердігер ұйым мектептің барлық блогында ішкі инженерлік желілерді жаңартып, еден, қабырға, төбе және терезелерге толық әрлеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, ғимараттың қасбеті толығымен алюминий панельдермен қапталды.

2025 жылғы 8 қазан күні жылу жүйесінде анықталған ақаулар (қазандық насосы, кері клапандар, газ есептегіш құрылғы) толығымен ауыстырылып, жұмысқа жарамды күйге келтірілді. Бұған қоса, 2 және 3 қабаттардағы 40-қа жуық жылыту радиаторы жаңартылып, кабинеттерге линолеум төселіп, терезелерге реставрация жасалды.

Бүгінгі күні №20 орта мектеп ғимаратында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталып, жылу жүйесі іске қосылған. Мектепте оқу процесі қалыпты жағдайда жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар

В Алматы состоялась международная конференция, посвященная развитию науки в эпоху ИИ

Николай Иващенко
17.04.2026

Полицейские провели профилактическое мероприятие для школьников в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

Берег реки Или очистили активисты в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

500 млн тенге алиментов взыскали в Алматинской области

Николай Иващенко
17.04.2026

В Талгаре открылся новый молодежный центр

Николай Иващенко
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz