Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында үш ауысымды білім беру мәселесін шешудің жаңа жолдары қарастырылды

Алматы облысында соңғы жылдары үш ауысымды мектептер мәселесін азайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде өңірде 56 жекеменшік мектеп жұмыс істеп, онда 15 мыңнан астам бала білім алуда. Жергілікті билік пен кәсіпкерлердің әріптестігі арқасында жаңа мектептер салынып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ал 2025 жылдың қаңтар айынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 39 жекеменшік мектеп салынып жатыр.

Өңірде соңғы жылдары үш ауысымды мектептер санын азайту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. 2025–2026 оқу жылында Қарасай және Іле аудандарында жалпы саны 3 500 орынға арналған екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл нысандар үш ауысымды оқу жүктемесін жоюға мүмкіндік берді.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтың айтуынша, соңғы жылдары аймақта үшауысымды мектептер 28-ге азайды.

«Қазіргі уақытта, жоспарланған 26 мектептің 17-сі қолданысқа берілді. Жыл соңына дейін қалған 9 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарланып отыр.  Бірақ үш ауысымды оқу мәселесі толық шешілді деуге ерте. Егер жекеменшік мектептер осы бағытта белсенділік танытса, біз міндетті түрде қолдау көрсетеміз. Бұрын Қарасай, Еңбекшіқазақ және Жамбыл аудандарында 54 үш ауысымды мектеп болған, қазір ол мәселе шешілді. Енді Іле мен Талғар аудандарында ғана қалды», – деді өңір басшысы.

Әкімнің сөзінше, бүгінде әкімдік 41 мектептің қажеттіліктерін қамтамасыз етіп отыр. Алдағы уақытта үш ауысымды мектептерді толық жою үшін жаңа білім ошақтарын салу жалғаса береді.

«Бір мезгілде барлық мектепке тікелей бюджеттен қаржы бөлу қиын. Сондықтан кәсіпкерлердің қолдауымен бұл мәселені шешіп келеміз. Жер телімдерін дайындап, инженерлік-коммуникациялық жүйелерді өзіміз жүргіземіз. Бұл – әрі бюджет үшін тиімді, әрі балалар үшін қолайлы шешім. Мысалы, қазір Есік қаласында және Қарасай ауданында жекеменшік мектептер салынды. Олардың сапасы ешбір заманауи “Келешек” мектептерінен кем емес. Дегенмен, әр жоба білім басқармасының саясатына және қажеттілікке сай қаралуы тиіс. Егер қажет болса, мәслихатпен келісіп субсидия бөлу мәселесін де қарастырамыз», – деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Айта кетейік, Алматы облысында мемлекеттік және жекеменшік сектордың әріптестігі нәтижесінде соңғы жылдары білім беру саласында инфрақұрылым айтарлықтай жақсарып, үш ауысымды мектептер саны едәуір азайған.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz