Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар азайды

Алматы облысында құрылыс нысандарының саласында анықталған заңбұзушылықтар санының едәуір азайғаны байқалады.

Мөлдір Иманмади
21.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Ведомство мәліметінше, күшейтілген мониторинг пен кешенді бақылау шараларының арқасында рұқсат беру құжаттарынсыз құрылыс-монтаж жұмыстарын бастаудың фактілері айтарлықтай қысқарған.

«Жүйелі тәсіл мен инспекторлардың мұқият жұмысы өз бетінше салынған нысандар мен рұқсатсыз жүргізіліп жатқан құрылыстарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік нормалар бұзылған және жобадан ауытқу жағдайлары тіркелген кезде, заңбұзушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айдын Әуесбай.

Биылғы жылы құрылыс саласындағы заңбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 127 материал жолданған. Тексеру нәтижесінде салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асты.

Заңсыз (рұқсатсыз) салынған нысандарды анықтауға ерекше назар аударылуда. Мәселен, Қонаев қаласында құрылыс нормалары бұзылып салынған коммерциялық нысан бұзылды. Осындай шаралар Талғар (2 нысан), Райымбек (1 нысан), Жамбыл (1 нысан) және Қарасай (2 нысан) аудандарында да қабылданды.

Сонымен қатар, облыстың аудандық соттарында өз бетінше салынған құрылыстарды бұзу жөніндегі 14 талап арыз қаралу үстінде.

Бұдан бөлек, әлеуметтік нысандардың құрылысы барысына ерекше бақылау жүргізілуде. Бұл бағытта құрылыс сапасына тұрақты мониторинг жасалып отыр.

Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы құрылыс заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және рұқсатсыз құрылысқа жол бермеу бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастыруда.

Соңғы жаңалықтар

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв в Щучинске: стали известны личности погибших и пострадавших

Николай Иващенко
27.02.2026

Взрыв и пожар в Щучинске – 26 пострадавших и 7 погибших

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz