Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Ақ бидай» ойындарында Алматы облысының спортшылары күміс жүлдегер атанды

Қонаевта республикалық «Ақ бидай» спорттық ойындарының үздіктері марапатталды, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
13.10.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев спортшылардың табандылығын атап өтіп, 17 спортшы мен спорт ұйымдарының өкілдері Алғыс хаттарға ие болды.

Алматы облысында өткен республикалық «Ақ бидай» спорттық ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. Өңір спортшылары мен сала мамандарына марапаттарды облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстады.

Елдің түкпір-түкпірінен келген екі мыңға жуық спортшы футбол, волейбол, дзюдо, жеңіл атлетика секілді классикалық спорт түрлерімен қатар, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, аударыспақ сынды ұлттық ойындардан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Түркістан облысы бірінші орынға ие болса, Алматы облысының құрама командасы күміс жүлдені жеңіп алды. Ал үшінші орын Батыс Қазақстан облысына бұйырды.

Облыс әкімі 17 спортшы мен спорт ұйымдарының өкілін алғыс хатпен марапаттап, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады. Жүлдегерлер қатарында ұлттық спорт шеберлері мен спорт мектептерінің жетекшілері бар.

Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ақжүрек Таңатаровтың айтуынша:
«Сол жерде атсалысқан федерациялар мен ұйымдастырушылар бар, спортшыларды облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттадық. Жалпы 17 адам марапатталды. Федерация президенттері де бар. Қалған спортшыларымыз басқарманың алғыс хатымен тағы да марапатталады. Алматы облысы жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Келесі төртжылдықта Солтүстік Қазақстанда өтетін додада бірінші орын аламыз деген сенімдеміз».

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ЖИ дәуіріндегі ғылымның дамуына арналған халықаралық конференция өтті

Мөлдір Иманмади
17.04.2026

Алматы облысында бес көлік соқтығысты

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Қонаев жастары Іле жағасынан 9 тоннадан астам қоқыс жинады

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында 500 млн теңге алимент өндірілді: 13 борышкерге қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

Алматы облысында алаяқтарға алдана жаздаған әйелді полиция құтқарып қалды

Қорлан Нұрланқызы
17.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz