Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Сары таттың таралуы мен дамуына агробиологиялық факторлардың әсері

Сары тат (Puccinia striiformis f. sp. tritici) — күздік бидайдың ең қауіпті ауруларының бірі болып саналады. Бұл ауру қолайлы жағдайларда дамығанда, өнімнің айтарлықтай төмендеуіне алып келеді. Патогеннің дамуына климаттық факторлар (жауын-шашын мөлшері мен ауа температурасы), сорттық ерекшеліктер және агротехникалық шаралар айтарлықтай әсер етеді.

Мөлдір Иманмади
06.10.2025
Мақала

Сары таттың таралу аймақтарындағы климаттық жағдайларды талдау үшін «Қазгидрометеорология» ресми деректері, «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің мәліметтері және ашық интернет көздері пайдаланылды.

Сары таттың негізгі таралу аймақтарына Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстары жатады. Бұл өңірлерде негізінен күздік бидай суармалы емес, бірақ жеткілікті ылғалмен қамтамасыз етілген жағдайларда өсіріледі.

Соңғы жылдары ыстық әрі құрғақ ауа райының, сондай-ақ фитосанитарлық шаралардың уақтылы жүргізілуінің нәтижесінде ауру таралған алқаптардың көлемі азайғаны байқалды. Сонымен қатар, климаттық және ауа райы жағдайларының өзгеруіне байланысты күздік бидайды себу мерзімі ертерек жүргізілуде. Агротехникалық мерзімдердің өзгеруі өсімдік дамуының фенологиялық фазаларына әсер етіп, пісіп-жетілу кезеңінің ығысуына әкеледі.

Алматы облысының климаттық деректері бойынша, сәуір айындағы орташа жауын-шашын мөлшері шамамен 72 мм, мамырда — 71 мм. Сәуірдің орташа ауа температурасы — 10,2°С, мамырда — 16°С. Мұндай жағдайлар сары таттың дамуына қолайлы орта қалыптастыруы мүмкін.

2024–2025 жылғы қыс айтарлықтай жұмсақ болып, қар жамылғысы жеткілікті деңгейде сақталды, бұл күздік бидайдың жақсы қыстап шығуына мүмкіндік берді. 2025 жылы Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде вегетациялық кезең аномальді жылы болды, кейбір кезеңдерде ыстық әрі жауын-шашыны аз жағдайлар тіркелді. Көктемде жоғары температура ерте басталып, мамыр–маусым айларында орташа тәуліктік температура көпжылдық нормадан 3–5°С жоғары болды, ал жауын-шашын мөлшері төмендеп, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы азайды. Маусым мен шілде айлары да ыстық әрі құрғақ өтіп, түнгі температура жоғары деңгейде сақталды, бұл түнгі шықтың түзілуін азайтты. Мұндай факторлар жиынтығы сары таттың дамуын шектеді.

2025 жылы вегетациялық кезеңде Ж. Жиенбаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының фитопатология зертханасының мамандары Түркістан облысының Қазығұрт, Төле би, Сайрам және Түлкібас аудандарында, сондай-ақ Жамбыл облысының Меркі және Қордай аудандарында фитосанитарлық мониторинг жүргізді. Сонымен қатар, Алматы облысының Жамбыл, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле және Талғар аудандарында да күздік бидай алқаптары тексерілді.

Күздік бидай егістерінен бөлек, осы өңірлердегі алқап маңындағы астық тұқымдас арамшөптер де зерттелді. Олар сары таттың аралық иелері мен инфекция көзі бола алады.

Сары таттың алғашқы белгілері Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарындағы өндірістік егістерден анықталды. Агротехникалық факторлар да маңызды рөл атқарды: аймаққа тән себу нормасы — 3,0–3,5 млн өнгіш тұқым/га пайдаланылды. Қалың себілген жағдайда қатарлар тез тұйықталып, төменгі қабатта ылғалдылықтың артуына байланысты таттың дамуы күшейген. Себу мерзімдері оңтайлы болып, өсімдіктер біркелкі өсіп, ауру белгілері түтік шығару–масақтану фазасында байқалды. Аурудың алғашқы белгілері мамырдың екінші онкүндігінде жалау жапырақ кезеңінде тіркелді, дамуы 0–1% шамасында болды.

Зерттелген учаскелердің геодеректері тіркеліп, мониторинг нәтижелері тиісті үлгілерге енгізіліп, далалық журнал платформасына жүктелді.

2025 жылғы вегетациялық маусым Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жоғары температура мен жауын-шашын тапшылығы жағдайында өтті, бұл сары таттың дамуын тежеді. Дегенмен, Алматы облысының Қарасай ауданында (0,28%) және Жамбыл облысының Қордай ауданында (0,64%) сары таттың аздаған дамуы тіркелді.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлер бойынша сары таттың жаппай таралуы байқалмады. Алайда жаңа патотиптердің пайда болуы мен инфекцияның шекарааралық тасымалдану мүмкіндігін ескере отырып, қауіп әлі де өзекті болып отыр. Болашақта өнім жоғалтуды азайту мақсатында IPM (интеграцияланған өсімдік қорғау) қағидаттарына негізделген мониторинг күшейтіледі, оның ішінде зияндылық шегіне жеткен жағдайда фунгицидтік бақылау шаралары қолданылатын болады.

Авторлар:

А. Е. Койгельдина

Ж.Жиембаев атындағы ҚазӨҚжКҒЗИ фитопатология зертханасының меңгерушісі

К. Б. Тусупбаев 

Ж.Жиембаев атындағы ҚазӨҚжКҒЗИ фитопатология зертханасының ғылыми қызметкері

Ж. С. Усембаева 

Ж.Жиембаев атындағы ҚазӨҚжКҒЗИ фитопатология зертханасының ғылыми қызметкері

Г. И. Копирова 

Ж.Жиембаев атындағы ҚазӨҚжКҒЗИ фитопатология зертханасының ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz