Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жүргізушілеріне қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Еліміздің бірқатар өңірінде күн райының күрт нашарлауына байланысты жол қозғалысына сақтықпен қарау қажеттігі ескертілді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
01.10.2025
Аймақ, Алматы облысы

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы таратқан мәліметке сәйкес, бүгін, 1 қазанда Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында жаңбыр жауып, қар түсуі ықтимал.

«Жүргізушілерге жылдамдық режимін қатаң сақтап, жол қауіпсіздігі талаптарын орындауды және қолайсыз метеожағдайларды ескеруді сұраймыз», – делінген ресми хабарламада.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, қыркүйек айының соңында басталған суық ауа райы қазан айының басында да сақталмақ. Қазақстанның басым аумағында түнгі уақытта термометр бағаны -1-6 градусқа дейін төмендеп, күндіз +2…+9 градус аралығында болады деп күтіледі.

Мамандар осындай жағдайларда жолдағы көлік қозғалысы қиындай түсетінін айтып, тұрғындарды барынша сақ болуға шақыруда. Ауа райының құбылмалы сипаты, әсіресе, өңірлер арасындағы күре жолдарда және таулы аймақтарда ерекше сақтықты талап етеді.

Еске сала кетейік, қыркүйек соңындағы қолайсыз ауа райы еліміздің шығысы мен оңтүстігінде алғашқы қардың түсуімен есте қалған болатын. Синоптиктердің айтуынша, биыл күздің алғашқы айлары әдеттегіден салқын өтіп, алдағы күндері де аязды түндер жалғасын табады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының 742 мыңнан астам тұрғыны Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды: сайлаушылардың 74,19 пайызы қатысты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Қазақстанның үздік спортшылары Алматы облысында Құрылтай сайлауында дауыс берді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Құрылтай сайлауы: күннің екінші жартысында сайлаушылар белсенділігі артты

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

Президент Үкіметке жаңа міндет жүктеді

Қорлан Нұрланқызы
23.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz