Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Кохлеарлы имплантация есту қабілетін қайтарды: МӘМС аясында 7 млн теңгеге ота жасалды

Мөлдір Иманмади
30.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

1983 жылы туған Алматы облысы тұрғынының есту қабілеті 4 жасында күрт төмендеген. Ол мұны бала кезінде өкпе қабынуын өткеріп, ототоксикалық дәрілерді қабылдауымен байланыстырады.

Көп жылдар бойы пациент есту аппаратын қолданып келгенімен, бұл ем айтарлықтай нәтиже бермеген. Саңыраулық пен есту аппараттарының тиімсіздігіне байланысты ол Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына кохлеарлы имплантация жасау мүмкіндігін қарастыру үшін жолданған.
Клиникалық-диагностикалық тексеруден кейін науқасқа «Кохлеарлы имплантация» атты хирургиялық ем-шара ұсынылды.

Кохлеарлы имплантация — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында орындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрі. Операция құны 7 млн теңгеден асады және оған отадан кейінгі оңалту да кіреді. Бұл ем-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Сурдологиялық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Кохлеарлы имплантты орнату науқасқа айналасындағы дыбыстарды естуге мүмкіндік беріп, өмір сапасын едәуір жақсартты. Бұл оның әлеуметтенуіне және кәсіби тұрғыда өзін жүзеге асыруына жаңа мүмкіндіктер ашты.

 

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Акжаркын
12.10.2026

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Акжаркын
12.10.2026

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – қауіпсіз қоғамның кепілі

Акжаркын
12.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
12.10.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес

Акжаркын
12.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz