Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Мақала

Аспаз – болашақтың мамандығы

Мөлдір Иманмади
30.09.2025
Мақала

Бүгін біз оқырмандарымызды жас маман – Апрышкин Павелмен таныстырғымыз келеді. Ол Қонаев қаласындағы көпсалалы колледжді аспаз-кондитер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазір Павел «ДоДо Пицца» желісінде еңбек етіп, өзі таңдаған кәсібі туралы ойымен бөлісіп отыр.

— Мен бұл жұмысты таңдадым, себебі аспаздықты жаңадан меңгеріп жүрген әр адам үшін бұл – жақсы бастау. Мұнда итальян асханасының негіздерін үйреніп, турау тәсілдерін меңгеріп, кәсіби дағдыларды шыңдауға болады, – дейді Павел.

Оның айтуынша, пиццериядағы жұмыс мейрамхананың қалай жұмыс істейтінін, өнімдер мен аспаздарға қандай талап қойылатынын түсінуге көмектеседі. Бір қарағанда қарапайым көрінетін – мысалы, ірімшікті үгіту сияқты іс те үлкен үдерістің маңызды бөлігі болып саналады.

— Аспаз – тек тамақ дайындайтын адам емес. Ол – бір жағынан суретші. Аспаз өнер туындыларын жасайды, тек тағам арқылы. Бұл – менің бала кезден бергі арманым еді. Әдемі әрі дәмді дүниелер жасағым келді. Ал аспаз мамандығы маған осы мүмкіндікті береді, – дейді жас маман.

Әсіресе, 2025 жылдың – Жұмысшы мамандықтар жылы болып жариялануы да ерекше мәнге ие. Дәл осы жылы Павел өзінің еңбек жолын бастады. Аспаз – қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі. Жас мамандар ел экономикасының іргетасын қалайтын негізгі күшке айналуда.

Павелдің пікірінше, аспаз еңбегі тек гастрономия әлеміне ғана емес, басқа елдердің мәдениетімен танысуға, түрлі асханаларды игеруге, жаңа технологияларды үйренуге жол ашады.

— Кез келген мамандық маңызды – тек аспаз ғана емес. Себебі әрбір еңбектің қадірі бар, экономика да сол еңбектің үстінде тұр. Егер біз жұмысшы мамандықтарын қолдай білсек, онда білікті мамандар көбейеді. Бұл өз кезегінде еліміздің халықаралық деңгейге шығуына жол ашады, басқа елдермен ынтымақтастықты күшейтеді, – дейді Павел сеніммен.

Апрышкин Павелдің әңгімесі – өз ісіне деген сүйіспеншілік пен білімге құштарлықтың арқасында жастардың қоғамда өз орнын тауып, нағыз кәсіби маманға айнала алатынының айқын дәлелі.

 

Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы

Бисембекова Раушан

Соңғы жаңалықтар

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz