Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алатау – смарт қалаға айналуда

Мемлекет басшысы өз Жолдауында Алатау қаласының смарт қалаға айналуы тиіс екенін атап өткен болатын. Бұл тапсырма аясында жүйелі шаралар қабылданып, өңірде ауқымды жобалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Alataunews.kz. 

Мөлдір Иманмади
25.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алатау қаласында IT саласы бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр. «Smart City» тұжырымдамасы шеңберінде жасанды интеллект технологияларымен жабдықталған 300 бейнебақылау камерасы мен 6 ақпараттық-бағдарламалық кешен орнатылды. Мұндай қадамдар қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қалалық инфрақұрылымды тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұжырымдамадағы базалық бастамалар кезең-кезеңімен іске асырылуда.

Жалпы, IT және жасанды интеллект саласы – өңірдің болашақ дамуының негізгі драйвері. Сондықтан облыс басшылығы бұл бағыттағы жобаларды толық қолдап, жүзеге асыру үшін барлық жағдайды жасауда. Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймақ жоғары технологияларды дамытуға арналған ең қолайлы алаң болып табылады.

Қазіргі басты міндет – инфрақұрылымды жедел аяқтау, білім беру жүйесін жаңа технологияларға бейімдеу және жас таланттарға мүмкіндік беру. Жасанды интеллект – болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің шындығы.

Бүгінгі таңда облыс деңгейінде «Цифрландыру және инновациялық даму» бағыты бойынша нақты жоспарлар әзірленген. Жаңа технопарктер, инкубаторлар және стартап-платформалар құру қолға алынуда. Жергілікті жоғары оқу орындары мен колледждер IT және AI мамандарын дайындауға белсене атсалысуда. Сондай-ақ, шетелдік және отандық ірі IT-компанияларды Алатау қаласындағы арнайы экономикалық аймаққа тарту бағытында келіссөздер жүргізілуде.

Президент атап өткендей, жасанды интеллектті қолдану – енді жай сөз емес, экономиканың нақты драйвері. Ол өндіріс үдерістерін автоматтандырады, қызмет сапасын арттырады және құн тізбегін тиімді етеді.

Бұл тұрғыда басты ұстаным – болашақты бүгіннен бастау. Егер өңір жасанды интеллектке, үлкен деректерге және автоматтандыруға дер кезінде бет бұрмаса, жаһандық бәсекеде артта қалу қаупі бар. Сондықтан мұндай бастамаларға тек дайын болу емес, алғашқылардың бірі болып қадам жасау қажет.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz