Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының тұрғындарына түтінге байланысты қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылды

Алматы облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Ведомство мәліметінше, қазіргі жағдай толық бақылауда. Елді мекендер мен жақын аумақ тұрғындарына тікелей қауіп жоқ. Дегенмен, қауіпсіздік мақсатында облыс тұрғындары мен қонақтарына бірқатар сақтық шараларын ұстану ұсынылды.

Атап айтқанда:

  • терезелер мен есіктерді жауып отыру;

  • мүмкіндігінше далада жүру уақытын шектеу;

  • маска немесе дәке таңғышын пайдалану;

  • денсаулықта жайсыздық байқалған жағдайда дәрігерге жүгіну қажеттігі ескертілді.

Еске сала кетейік, қоқыс полигонындағы өрт 15 қыркүйек күні таңертең басталған еді. Қалың түтіннің әсерінен түнде автожолдағы көлік қозғалысы уақытша шектелді. Өртті сөндіру үшін құтқарушылар 70 өрт сөндіру рукавынан тұратын магистральды желі төседі.

Мамандардың айтуынша, өртті толық сөндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz