Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында егін жинау науқаны аяқталуға жақындады

Алматы облысында егін жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
16.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: adym.kz

Фото: adym.kz

Облыс әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күнге дейін 103 мың гектардан астам дәнді дақыл орылып, бұл жалпы алқаптың 65 пайызын құрайды. Қамбаға 191,7 мың тоннадан астам астық түсті.

Негізгі үлесті бидай мен арпа алады. Атап айтқанда, 34,5 мың гектар алқаптан 55 мың тонна бидай жиналды. Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады. Ал арпа 62,5 мың гектардан бастырылып, 107,8 мың тонна өнім алынды. Орташа түсім гектарына 17,2 центнер болды.

Сонымен қатар жүгері жинау жалғасуда. Қазіргі таңда 3 мың гектар (6 пайыз) алқаптан 22 мың тоннадан астам өнім алынды. Бұл дақылдың орташа өнімділігі гектарына 74 центнерден асты.

Картоп пен көкөніс те мол өнім беруде. Бүгінге дейін 116,6 мың тонна картоп, сондай-ақ 347,1 мың тонна көкөніс пен бақша дақылдары жиналды. Орташа өнімділік тиісінше гектарына 204 және 263 центнерді құрады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, ауа райының құбылмалығына қарамастан, науқан жоспарлы түрде жүргізіліп жатыр. Мәселен, Балқаш ауданында мал азығын дайындау жұмыстары жүйелі жолға қойылған. «Өтес-Ақдала» шаруашылығында 400 гектардан астам жоңышқа алқабы бар. Екінші орым толық аяқталды, алдағы уақытта үшінші орымға кірісу көзделуде.

Шаруашылық жетекшісі Марат Дүйсенов өз ісіне жауапкершілікпен қарайды. Ол қажет болған жағдайда өзі трактор немесе комбайн тізгіндейді. Заманауи техника – неміс комбайны, престеу жабдықтары және тракторлар уақытылы жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр. Бұдан бөлек, шаруашылықта 386 гектарға күріш егілген. Биылғы ыстық жаз егіннің өсуіне қолайлы болды.

Мамандардың айтуынша, алдағы апталарда облыстағы барлық егіс алқаптары толық жиналып, жұмыстар толық аяқталатын болады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарегін жинау науқаны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz