Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» жолы мерзімінен бұрын жөнделеді

Алматы облысында облыстық маңызы бар «Нарынқол – Сүмбе» автожолының жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Дамир Нұрқасым

Фото: Дамир Нұрқасым

Жұмысшылар қар түспей тұрып үлгеруге тырысуда.

Жөндеу жұмыстары 2024 жылдың мамыр айында басталып, жоспар бойынша 2025 жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс еді. Мердігер компанияның мәліметінше, жолшылар жұмысты белгіленген мерзімнен ерте бітіреді.

L-VESA құрылыс компаниясы директорының орынбасары Алексей Фоминнің айтуынша, бүгінде жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталған:

«Біз «Нарынқол – Сүмбе» жолына орташа жөндеу жүргізіп жатырмыз. Жөндеуден өтетін учаскенің жалпы ұзындығы – 38 шақырым. Қазіргі уақытта 11 шақырымы ғана қалды. Жаңа жабынның қалыңдығы – 6 сантиметр. Жұмысты осы айда аяқтауды жоспарлап отырмыз. Нысанда 18 жұмысшы және грейдер, самосвалдар мен ескі асфальтты қырып, жаңасын төсеуге арналған 8 арнайы техника жұмылдырылған».

Жобаның жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарының сапасы мен барысына «КазАрт-Құрылысы» ЖШС техникалық қадағалау жүргізуде.

Тегтер: Басты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz