Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Ақ бидай – 2025»: ауыл спортына серпін беретін дода басталды

Алматы облысында ауыл спортының ең ірі додаларының бірі – VIII республикалық «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындары ресми түрде ашылды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
15.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Салтанатты рәсімге еліміздің түкпір-түкпірінен келген спортшылар, бапкерлер мен спорт жанкүйерлері жиналды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, биылғы жарыс он күнге жалғасып, ауылдан шыққан дарынды жастарға өз қабілеттерін танытып, кәсіби спортқа жол ашуға мүмкіндік бермек. Жарыс бағдарламасына 20 спорт түрі енгізілген.

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахым қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының ел болашағы үшін маңызына тоқталды.

«Баршаңызды республикалық VIII «Ақ бидай – 2025» ауыл спорт ойындарының ашылуымен құттықтаймын! «Ақ бидай» – ауыл спортының дамуына серпін беріп қана қоймай, салауатты өмір салтын қалыптастыруға жол ашатын ерекше мүмкіндік. Биылғы додаға еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан үш мыңға жуық спортшы қатысып отыр. Бұл жарыс тек спорттық шеберлікті шыңдап қана қоймай, ынтымақ пен достықты нығайтуға қызмет етеді», – деді ол.

Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмалары жүйелі жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Бүгінде Алматы облысында 25 мыңнан астам спортшы 67 спорт түрімен тұрақты түрде айналысады. Тек биылдың өзінде жергілікті спортшылар халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарда 1336 медаль жеңіп алған.

Айта кетейік, «Ақ бидай – 2025» ойындары өңірлер арасындағы спорттық ынтымақтастықты нығайтып, ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етуді көздейді.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанның берік негізі

Акжаркын
12.10.2026

Алкоголизмнің алдын алу – дені сау қоғамның негізі

Акжаркын
12.10.2026

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл – қауіпсіз қоғамның кепілі

Акжаркын
12.10.2026

Меншік құқығын қорғау – құқықтық мемлекеттің маңызды қағидасы

Акжаркын
12.10.2026

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес

Акжаркын
12.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz