Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы ауыл шаруашылығы өндірісінде көш бастап тұр

Алматы облысы еліміздің аграрлық секторындағы жетекші өңірлердің бірі саналады. Бүгінде өңірде 29 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші жұмыс істейді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
11.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Оның ішінде 1490-ы – заңды тұлға, 845-і – жеке кәсіпкер, ал 26 696-сы – шаруа қожалығы.

Саланы қолдау мақсатында биыл 27,7 млрд теңге субсидия бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 283,8 млрд теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 103,3 пайызды құрады. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 47,9 млрд теңге (НКИ – 107,8%), мал шаруашылығы – 235,7 млрд теңге (НКИ – 102,4%) болды. Осы көрсеткіштер арқылы облыс республика бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өндірісінде 11,8 пайыз үлеспен екінші орынға шықты.

Өңірде ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі де артып келеді. 2025 жылы егіс алқабы 434,1 мың гектарға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10,2 мың гектарға ұлғайды. Оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар – 171,7 мың гектар, жүгері – 50,8 мың, күріш – 6 мың, майлы дақылдар – 32,2 мың, картоп – 10,4 мың, көкөніс – 15,8 мың, бақша дақылдары – 2,3 мың гектарды құрайды. Мал азықтық дақылдар көлемі 201,4 мың гектарға жеткен.

Минералды тыңайтқыш пен тұқым шаруашылығына да айрықша көңіл бөлінуде. 2024–2028 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес өңірге 60,8 мың тонна тыңайтқыш енгізу жоспарланса, бүгінде соның 74,5 пайызы (45,3 мың тонна) жеткізілді. Сондай-ақ облыста 20 тұқым өсіруші және 9 тұқым таратушы кәсіпорын жұмыс істейді. Келер жылғы өнімге 63 мың тонна тұқым қоры дайындалған.

2030 жылға қарай су үнемдеу технологияларын 186,6 мың гектарға дейін жеткізу межеленген. Тек 2025 жылдың өзінде 50 мың гектарға енгізу көзделсе, қазіргі таңда оның 22 318 гектарында жаңа технологиялар қолданысқа енгізілді. Соның ішінде 11 123 гектарда тамшылатып, 11 195 гектарда жаңбырлатып суару әдісі жүзеге асырылуда.

Мал шаруашылығында да оң серпін байқалады. Ірі қара мал басы 617,8 мыңға жетіп, соңғы жылдары 41,7 пайызға артқан. Сондай-ақ өңірде 2,7 млн қой мен ешкі, 247,6 мың жылқы және 9,5 млн құс бар. Осыған сәйкес, өндірілген ет көлемі – 143 мың тонна, сүт – 162,8 мың тонна, ал құс жұмыртқасы – 276,9 млн дананы құрады. Алматы облысы республикада ет өндіру бойынша (14 пайыз), құс еті өндірісінде (30 пайыз) көш бастап тұр.

Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында 2025–2027 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде жалпы құны 317,2 млрд теңге болатын 36 жоба қолға алынуда. Нәтижесінде 734 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Биылдың өзінде 33,5 млрд теңгені құрайтын 17 жоба жүзеге асырылады.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz