Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы мен Мәскеу облыстары ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылады

Мәскеу облысында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьёв кездесіп, екі өңір арасындағы басым бағыттағы әріптестікті талқылады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
11.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жиын Алматы және Мәскеу облыстарының кәсіпкерлеріне арналған бизнес-форум қарсаңында өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Абаев та қатысты.

Андрей Воробьёв Қазақстаннан келген делегацияға алғысын білдіріп, екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға ерекше мән берілетінін атап өтті.
«Сіздердің Мәскеу облысына келіп, әртүрлі саладағы ынтымақтастықты талқылауға уақыт бөлгендеріңізге қуаныштымыз. Қазақстандық кәсіпкерлердің жобалары Подмосковьеде іске асса, ал біздің бизнес өкілдері Қазақстанда еркін жұмыс істей алса, бұл екі жақ үшін де тиімді болмақ. Бүгінгі форум осы бағыттағы нақты қадамдардың бірі», – деді ол.

Алматы облысының делегациясы Солнечногорск қаласындағы «Есипово» индустриалды паркін аралап, «Лайт индустриал» үлгісімен танысты. Бұл жоба өндірісті небәрі үш айда іске қосуға мүмкіндік береді. Сондықтан шағын және орта бизнес үшін тиімді шешім саналуда.

Марат Сұлтанғазиев те Мәскеу облысымен ұқсастықтарды атап өтті: «Біздің аймақтың даму бағыты да, орналасуы да ұқсас – біз Алматыны қоршасақ, сіздер Мәскеудің айналасындасыздар. Экономикалық құрылым да сәйкес келеді. Қазақстандық кәсіпкерлердің Мәскеу облысында жұмыс істеуге қызығушылығы бар, сондай-ақ Мәскеу облысының бизнесі Алматы облысына келуге ниетті. Бұл – өндіріс пен логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады», – деді ол.

Сондай-ақ, Сұлтанғазиев ресейлік әріптесін Алматы облысына ресми сапармен келуін ұсынды.

Соңғы бес жылда Мәскеу облысының Қазақстанмен тауар айналымы 1,8 есеге артқан. Қазіргі таңда қазақстандық нарықта Подмосковьеде өндірілетін косметика, химия, фармацевтика, полимерлер, машина жасау өнімдері, металл және автокомпоненттерге сұраныс жоғары.

Өткен жылы Мәскеу облысының бірқатар өндірушілері – Серпухов, Лосино-Петровский, Раменск, Люберцы, Сергиево-Посад округтерінің кәсіпорындары Қазақстанмен 177 экспорттық келісімшарт жасасып, өз өнімдерін жеткізе бастады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 61 саяжайға ауыл мәртебесі берілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Үлкен Алматы айналмалы автожолында орташа жылдамдықты бақылау жүйесі іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Щучинскіде кафеде жарылыс болды: 7 адам қаза тапты

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

«Көктем-2026»: Алматы облысында су тасқынына дайындық тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2026

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz