Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету бағдарламасы аяқталуда

Мөлдір Иманмади
09.09.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Алматы облысында 2025 жылы тұрғын үй құрылысы мен сатып алуға бағытталған ауқымды бағдарлама жүзеге асырылуда.
Бюджет қаражаты есебінен жалпы аумағы 118,0 мың шаршы метрді құрайтын 1522 пәтерлік 28 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Бірқатар үйлер қазірдің өзінде тапсырылды, ал проблемалық нысандар бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Талғар мен Жамбыл ауданында кейбір пәтерлерге тұрғындар қоныстанып үлгерді, бірнеше нысан аяқталу сатысында. Облыс әкімдігінің мәліметінше, барлық мәселелер бақылауда, мерзімді бұзған мердігерлерге қатысты заң аясында жұмыс жүргізілуде.

Сонымен қатар дайын тұрғын үйді сатып алу да қатар жүргізіліп жатыр. Биыл әлеуметтік осал топтар мен кезекте тұрғандар үшін 1700 пәтер сатып алуға 27,4 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 200-ден астам отбасы жаңа пәтердің кілтін алып үлгерді, қалғандары кезең-кезеңімен қамтамасыз етіледі.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Асет Масабаев аймақта азаматтар алдындағы міндеттемелерді толық орындау көзделгенін атап өтті: «Кезекте тұрған әрбір отбасы өз баспанасын уақытында алуы маңызды. Проблемалық нысандар бойынша бақылауды күшейттік, адал емес мердігерлерге шара қолданылып жатыр. Сонымен қатар дайын тұрғын үйді сатып алу жұмыстары жүргізілуде, халықты күтуге қалдырмау үшін», — деді ол.

Жыл соңына дейін Қонаев, Талғар және Есік қалаларында ірі нысандардың құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Құрылыстың дайындық деңгейі 90%-дан асқан, үйлерді белгіленген мерзімде пайдалануға беру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz