Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары «Тұйықсу» бақылау-құтқару пунктінен шығып, Сол Талғар өзенінің жоғарғы ағысына қарай бағыт алған. Зардап шеккен әйелді серігімен бірге төменге түсіріп, Төтенше жағдайлар министрлігінің Апат медицинасы орталығының дәрігерлеріне тапсырды. Алайда ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
Мамандардың айтуынша, мұндай оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кеткен. Әдетте туристер ауа райының қолайсыздығына, денсаулығының күрт нашарлауына немесе дайындықтың жеткіліксіздігіне байланысты тауда бөгеліп қалады.
Дегенмен, соңғы кездері тіркелген оқиғалардың басым бөлігінде адам шығыны болған жоқ. Құтқарушылар барлық туристерді дер кезінде тау шатқалдарынан түсіріп, медицина қызметкерлеріне немесе туыстарына тапсыруда.





