Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының бюджеті алғаш рет 1 триллион теңгеден асты

2025 жылы Алматы облысының бюджеттік түсімі алғаш рет 1 триллион теңгеден асып отыр. Сарапшылардың айтуынша, бұл көрсеткіш – өңірдің тұрақты экономикалық өсімінің нақты көрінісі, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.09.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бөлінген қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Асылан Ораздың айтуынша, мұндай жетістік халықтың әл-ауқатын арттыруға жасалған жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Облыстың меншікті кірісі де жыл сайын өсіп келеді. 2022–2024 жылдары бұл көрсеткіш екі есеге жуық ұлғайып, 630 миллиард теңгеге жетті. Түсімнің негізгі бөлігін акциздік салықтар құрап отыр.

Соңғы үш жылда өңірде 696,5 шақырым жол жөнделді. Бұл көлік қатынасының жеңілдеуіне және өңіраралық байланыстардың нығаюына әсер етті. Сонымен қатар, 18 елді мекенге табиғи газ жеткізіліп, тұрғындардың тұрмыс сапасы жақсарды.

Бюджеттің 60 пайызы әлеуметтік салаға бөлінді. Оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау бағытындағы жобаларды іске асыруға айрықша көңіл бөлінген.

Экономикалық көрсеткіштердің өсуі мен әлеуметтік жобалардың жүзеге асуы Алматы облысының даму қарқынының күшейгенін және тұрғындардың жағдайының кезең-кезеңімен жақсарып жатқанын көрсетеді.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Қазақстан шетелдегі мекемелерін күшейтілген режимге көшірді

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Тоқаев Қатар Әмірімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Әуе кеңістігі жабылды: БАӘ-де қалған қазақстандықтарға елшілік үндеу жасады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
01.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz