Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы қарқын алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында қала мен ауыл мектептері арасындағы білім сапасын теңестіруді, үш ауысымды оқытуды жоюды және оқушы орындарының тапшылығын шешуді Үкіметке нақты тапсырған еді. Осы мақсатта елімізде қолға алынған «Келешек мектептер» ұлттық жобасы Алматы облысында жүйелі жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

Жаңа оқу жылы қарсаңында өткен дәстүрлі тамыз кеңесінде Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірдегі білім беру саласындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес, басты міндетіміз – сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету. Облыс бойынша 24 900 орындық 26 «Келешек мектептің» құрылысы жоспарланған. Оның ішінде 10 мектеп пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін қалған нысандар да оқушыларға есігін айқара ашады. Соның нәтижесінде үш ауысымды мектептердің саны айтарлықтай қысқарады», – деді облыс әкімі.

2022–2025 жылдар аралығында Алматы облысында 45 325 орындық 50 жаңа мектеп салынды. Бұл көрсеткіштің арқасында үш ауысымды білім ошақтарының саны 52-ден 30-ға дейін азайды. Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде 73 мектеп пен білім беру мекемесі күрделі жөндеуден өтті.

Дегенмен, кейбір мердігер ұйымдардың жұмысты уақытында аяқтамауына байланысты төрт нысанда Талғар ауданының Белбұлақ және Нұра ауылдарындағы мектептерде, Қонаев қаласындағы №4 мектеп пен облыстық мектеп-интернатта жөндеу жұмыстары кешігіп отыр. Бұл бойынша жауапты мердігерлерге қатысты тиісті шаралар қабылданып, сотқа жолданған.

Алматы облысында «Келешек мектептер» жобасы толық орындалғанда, үш ауысымды білім беру түйткілі түбегейлі шешіліп, оқушылардың сапалы білімге қолжетімділігі арта түспек.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz