Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында туризм саласы қарқынды дамуда

Алматы облысында туризмді дамытуға ерекше назар аударылып отыр. Өңірдің табиғи байлығын тиімді пайдалану, туристік инфрақұрылымды жетілдіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар туристік ағымның өсуіне тікелей ықпал етуде, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

2023 жылы облыстың 15 туристік аумағында ауқымды абаттандыру шаралары жүргізілді. Атап айтқанда, 337 метр таулы соқпақтар мен маршруттар реттеліп, демалушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 32 қоқыс жәшігі, Көлсай көлінде жарықтандырылған 100 метрлік пирс, 10 беседка, 45 орындық, 10 бақылау алаңы, 16 ақпараттық тақта, 160 бағыт көрсеткіші мен 3 жаяу жүргіншілер көпірі орнатылды. Бұдан бөлек, 200 шаршы метр аумақта көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, балаларға арналған ойын алаңдары салынды.

Абаттандыру жұмыстары Танбалы Тас шатқалында да жүзеге асырылды. Мұнда фоторамкалар орнатылып, пирстер мен беседкалар салынды, кемпинг аймақтары жасақталды. Сондай-ақ шатқал жартасы түнгі декоративті жарықпен көмкерілді. Туристерге ыңғайлы болу үшін негізгі маршруттардың бойына жүзге жуық навигациялық жүйе қойылды.

Жеке инвестициялар есебінен «Көлсай көлдері» және «Шарын» ұлттық парктерінде тегін Wi-Fi мен Starlink спутниктік жүйесі қосылды. Ұлттық парктердің кіреберіс бекеттері автоматтандырылып, онлайн-төлем жүйесі енгізілді. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камералары орнатылды.

2024 жылы Қайыңды көліне апаратын ұзындығы 425 метр туристік соқпақ абаттандырылды. Бұл шаралар нысанның тартымдылығын арттырып, туристік ағымның тұрақты өсуіне ықпал етті.

Алдағы 2025 жылы Алматы облысының туризм басқармасы туристік инфрақұрылымды одан әрі дамытуға 171 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр. Соның аясында 10 ақпараттық тақта, 3 фоторамка, 42 бағыт көрсеткіші, экологиялық баспалдақ орнатылып, арнайы от жағу аймақтары мен жалпы ұзындығы 3 шақырым болатын буйлар қойылады. Жоспарланған жұмыстар Қонаев қаласының жағажайында, «Көлсай көлдері» және «Іле-Алатау» ұлттық парктерінде атқарылады.

Өңір билігі туристік әлеуетті халықаралық деңгейде насихаттауға да баса көңіл бөлуде. Халықаралық көрмелерге қатысу, пресс-турлар ұйымдастыру, туристік нысандарда түсірілімдер жасау өңірдің шетелдік нарықтағы танымалдығын арттыра түсті. Бұған шетелдік туристерді тіркеу жүйесі eQonaq-тың ресми деректері дәлел бола алады.

Алматы облысында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстар туризмнің тұрақты дамуына жол ашып, өңірдің халықаралық туристік картадағы орнын айқындай түсті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

Что делать, если поезд уехал, а пассажир опоздал на посадку

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz