Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында экологиялық науқан аясында 11 мыңнан астам ағаш отырғызылады

Алматы облысында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы шеңберінде кең ауқымды экологиялық науқан жалғасуда. Бағдарлама Мемлекет басшысының орман қоры аумақтарына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыруға бағытталған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
22.08.2025
Аймақ, Алматы облысы

2024 жылғы 26 сәуірде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің бастамасымен «Біз болашаққа бірге дән егеміз» атты акция бастау алған болатын. Өткен жылы өңірдегі барлық мектеп ауласында ағаш тұқымдары егілді. Алдағы уақытта қосымша 6,79 гектар аумаққа 11 237 көшет отырғызу жоспарланып отыр. Тек мектептердің өзінде 11,2 мыңнан астам ағаш егілді.

Әкімнің айтуынша, бұл бастама табиғатты қорғау ісінде үлкен рөл атқарады:
«Президент орман қорына 2 миллиард, елді мекендерге 15 миллион ағаш отырғызу жөнінде нақты міндет қойды. Алматы облысы осы жалпыұлттық іске қомақты үлес қосып келеді. Мектеп аулалары мен саябақтар жасыл желекке толып, жас ұрпақтың табиғатты аялауға деген көзқарасын қалыптастыруда», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Экологиялық науқанға өңірдегі мектеп оқушылары ерекше белсенділікпен қатысты. Жалпы 340 мыңнан астам бала ағаш отырғызу шарасына атсалысты.

Қонаев қаласының 4-сынып оқушысы Сабит Айсулу бұл игі істің мәнін былайша жеткізді:
«Біз сыныптастарымызбен бірге ағаш тұқымдарын отырғыздық, қазір олар көктеп өсіп келеді. Үзілісте су құйып, күтіп-баптаймыз. Бірнеше жылдан кейін бұл жерде жасыл бұрыш пайда болады. Ол біз үшін естелік, ал келер ұрпаққа сыйлық болады», — деді ол.

Жалпы, Алматы облысында қолға алынған бұл бастама табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырумен қатар, жас ұрпақтың экологиялық санасын арттыруға ықпал етуде.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Жамбыл ауданында 15 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта 10 млрд теңгеден астам қаржыға заманауи спорт кешені салынбақ

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қонаевта жасанды интеллект пен IT технологияларына арналған Konaev Fest өтті

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Алматы облысында 4,4 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 елдің қатарына енді

Қорлан Нұрланқызы
13.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz