Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

8 тамыз ауа райы қандай болады?

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері ауа райы күрт құбылып, аптап ыстықпен қатар найзағай, бұршақ, дауыл және өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.08.2025
Жаңалықтар

Атап айтқанда, Астана қаласында найзағай ойнап, жел екпіні 20 м/с-ке дейін күшейеді. Осындай метеорологиялық жағдай Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында да байқалады. Бұл өңірлерде күн күркіреп, бұршақ жауып, тұман мен қатты жел болуы ықтимал. Сонымен қатар, аталған аймақтарда жоғары деңгейдегі өрт қаупі сақталады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында күндіз найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болады деп болжануда. Ұлытау облысында күн күрт ысиды – +35…+36°C, ал Жезқазған қаласында аптап ыстықпен қатар жел күшейеді. Семей мен Өскеменде де найзағай мен екпінді жел күтіледі.

Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарында ауа температурасы +36…+41°C-қа дейін көтеріледі. Бұл өңірлерде өрт қаупі аса жоғары деп бағалануда. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғуы мүмкін.

Синоптиктердің мәліметінше, Шымкент, Түркістан, Ақтау және Атырау қалаларында да ауа райы өте қолайсыз болады. Осыған байланысты төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға сақ болуды, алыс жолға шықпауға тырысуды және дала өртінің алдын алуға жауапкершілікпен қарауды ескертеді.

Тегтер: Басты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

Интернет алаяқтықтан сақтану – қауіпсіздіктің маңызды шарты

Акжаркын
14.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
14.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz