– Қазақстан Республикасының азаматтығын алғалы бері алғаш рет сайлауға қатысып жатырмын. Сайлау өз тәртібімен әділ өтіп жатыр. Біз сайлаған әкім ауылдың гүлденіп-көркеюіне, дамуына септігін тигізеді деген үмітпен өз таңдауымызды жасадық. Әрбір Қазақстан азаматы өз жауапкершілігін сезініп, азаматтық борышын өтеп, сайлауға қатысуы керек. Осы арқылы аудан жұртшылығы өңір болашағының жарқын болуына өз үлесін қоса алады, – деді дауыс беруші.
Сайлау комиссиясының төрағасы Миятжан Сақанұлы сайлау учаскесінде 758 тұрғын тіркелгенін және сайлау барысынды ешқандай заңбұзушылық болмағанын жеткізді.





