Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қорғаныс министрі жоғалған тікұшақты іздеу жұмыстарының барысымен танысты

Қазақстан Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бес күн бұрын жоғалып кеткен Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағын іздеу жұмыстары жүріп жатқан аймаққа барып, операция барысымен жеке танысты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Іздеу аумағында министр жоғалған ұшқыштардың туыстарымен кездесіп, оларға моральдық қолдау көрсетті. Ол іздеу-құтқару операциясы тәулік бойы тоқтаусыз жалғасатынын және барлық қажетті ресурстар мен техникалар толық жұмылдырылғанын жеткізді.

«Біз соңына дейін әрекет етіп, іздеуді жалғастырамыз. Жақындарына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Қайғылы жағдайдың себептерін анықтау мен экипаж мүшелерін табу – басты міндетіміз», – деді Дәурен Қосанов.

Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов Сорбұлақ көлінің табиғи және техногендік ерекшеліктері операцияны жүргізуде қиындықтар туғызатынын айтты. Оның сөзінше, су түбінің шөгінді, тереңдігі әркелкі және судың лай болуы арнайы техниканың жұмысын тежеп отыр. Дегенмен, тікұшақ экипажын табуға бағытталған ауқымды іздеу-құтқару жұмыстары күндіз-түні жалғасуда.

Тікұшақ командирі Үйсенбай Нұржігіттің ағасы Медет Ержігіттің айтуынша, ұшқыштардың туыстары да іздеу аймағында тұрақты түрде қатысып, жедел штаб жанынан табылып отыр. Олар Сорбұлақ көлінің айналасын іздеу тобымен бірге аралап шығып, су түбінен тікұшақты көрудің мүмкін еместігіне көз жеткізген.

Қазіргі таңда қорғаныс саласының барлық күштері мен ресурстары жұмылдырылып, жоғалған тікұшақ экипажын іздеу жалғасуда. Операцияның табысты аяқталуы – әскерилер мен туыстары үшін басты үміт.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Таяу Шығыс бағыттары жабылды: билеттер 13 наурызға дейін сатылмайды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында қызылша бойынша жағдай күрделі: екі айда 300-ге жуық жағдай тіркелді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алғыс айту күні қарсаңында қарасайлық 26 отбасы баспаналы болды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысының кәсіпкерлері референдум қарсаңында тың бастама көтерді

Қорлан Нұрланқызы
02.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz