Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының таулы аймағында заманауи туристік нысан — Aqtas жобасы іске қосылды

Алматы облысының таулы өңірінде жыл он екі ай демалуға арналған заманауи туристік нысан - Aqtas жобасы іске қосылды. Қиын климаттық жағдай мен күрделі жер бедеріне қарамастан, жобаның бірінші кезеңі небәрі 11 айдың ішінде аяқталды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.07.2025
Аймақ

Соңғы жылдары Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, былтыр қонақүй және курорттық қызметтер көлемі 30%-дан астамға өскен. Ал салаға салынған инвестициялар көлемі 980 миллиард теңгеден асты. Бұл өсімнің елеулі үлесі Алматы агломерациясының тау кластеріне тиесілі.

Табиғаты көркем Oi-Qaragai курорты маңында 2024 жылы жаңа туристік кластер – Aqtas аймағының құрылысы басталған болатын. Ал 2025 жылы ол толыққанды туристік орталыққа айналып, жаңа инвестициялар мен туристерді тартатын аймаққа айналды.

Жаңа демалыс аймағы теңіз деңгейінен 2 100 метр биіктікте орналасқан. Оның басты артықшылығы – Орталық Азияда алғаш рет іске қосылған 10 орындық гондолалы аспалы жол. Бұл жол кешке дейін жұмыс істеп, келушілерге күн бату сәтін және түнгі Алматы панорамасын тамашалауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың сәуірінен бастап жобаның келесі кезеңі – 100-ден астам адамға арналған мейрамхана мен конференц-залдың құрылысы қолға алынды. Курорт толығымен қазақстандық кәсіпкер Ерлік Балфанбаевтың жеке инвестициясы есебінен салынып жатыр. Шетелдік қаржы тартылған жоқ. Қазіргі таңда салынған инвестиция көлемі 44 миллион АҚШ долларынан асты. Жобаның жалпы құны 160 миллион доллар деп бағалануда. Барлық кезеңдер аяқталған соң, мұнда 1 200-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылып, жыл сайын бюджетке шамамен 1,6 миллиард теңге салық түседі деп күтілуде.

Қазақстанда биік таулы аймақта осындай ауқымды жобаны небәрі 11 айда жүзеге асыру – сирек кездесетін жағдай. Қиын логистика мен күрделі климаттық жағдайларға қарамастан, тиімді жоспарлау мен кезең-кезеңімен іске асырудың арқасында 2025 жылғы 1 наурызда аспалы жол алғашқы туристерді қабылдап, алғашқы табыс әкеле бастады.

Алдағы уақытта Aqtas аймағында бугельді көтергіш, глэмпинг, алып әткеншектер мен катапульта сынды экстремалды аттракциондар іске қосылады. Бұл кешеннің жазда да, қыста да тартымды болуына жол ашады.

Aqtas жобасы – Қазақстанда жеке бизнес пен тиімді басқару арқылы халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті туристік өнім жасауға болатынын дәлелдейтін жарқын мысал. Жоба экономикалық тұрғыда да табысты: 2023 жылы салық түсімі 800 миллион теңгеден, ал 2024 жылы 1,5 миллиард теңгеден асты.

Ішкі туризмді дамыту – бүгінде тек шикізаттық экономикаға балама емес, жоғары әлеуетке ие дербес салаға айналып келеді. Aqtas – осы үрдістің нақты дәлелі әрі еліміздің басқа аймақтарына да үлгі боларлық табысты тәжірибе.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz