Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Ұлан жауынгерлері су аймақтарында тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде

Жазғы шомылу маусымы басталғалы бері еліміздегі су айдындарында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Ұлттық ұланы профилактикалық рейдтер жүргізіп келеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
28.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Бұл шараға 5573 және 3660 әскери бөлімдерінің жеке құрамы белсенді қатысуда.

Ұлттық ұлан сарбаздары мен офицерлері су маңында демалып жүрген азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсіндіруде. Рейдтер барысында суға мас күйінде шомылу, арнайы құралсыз тереңге жүзу, балаларды қараусыз қалдыру сынды әрекеттерге жол бермеу қажеттігі ескертіледі.

«Біздің басты міндетіміз – су аймақтарында құқық бұзушылықтардың алдын алып, қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау. Мұндай шаралар жаз бойы жалғасады, әсіресе демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істейміз», — дейді 5573 әскери бөлімінің офицері Нұрлан Ибрагимов.

3660 әскери бөлімінің офицері Бексұлтан Сүттібайдың айтуынша, бұл шаралар азаматтардың құқықтық мәдениетін арттырумен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алуға септігін тигізеді.

Рейдке қатысқан сарбаздардың бірі Владислав Королёнок бұл қызметті үлкен жауапкершілік деп санайды. Ал 3660 әскери бөлімінің сарбазы Максим Цыбулько су маңындағы қауіпсіздік – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті екенін айтады.

Айта кетейік, су айдындарында жүргізіліп жатқан бұл рейдтер ҚР ІІМ Ұлттық ұланының тапсырмасына сәйкес және шомылу маусымында болатын қауіп-қатердің алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда.

Тегтер: Алматы облысықазақстан

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қылмыстық және әкімшілік амнистия кімдерге қолданылады?

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Тоқаев Пәкістан премьер-министріне хат жолдады

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында тағы бір ауыл алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Алматы облысында IT мен дрондарды басқаруды үйрететін жаңа әскери жоба іске қосылды

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

Қазгидромет: шілдеде ыстық 50 градусқа дейін жетуі мүмкін

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz