Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында әлеуметтік осал азаматтарға пәтер кілттері табысталды

Астана күніне орай Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – Қарасай ауданында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған бастама, деп хабарлайды .alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
04.07.2025
Аймақ, Алматы облысы

Аудан әкімдігінде өткен салтанатты шарада 37 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов жаңа қоныс иелерін қоныс тойымен құттықтап, елорда күнінің мән-маңызын атап өтті. Әкім ауданда атқарылып жатқан әлеуметтік жобалар туралы айтып, тұрғын үй кілттерін табыстады.

Жаңа пәтерлер ауданның «Арнау» және «Сәукеле» ықшам аудандарынан берілді. Баспанаға ие болғандар қатарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы және толық емес отбасылар бар.

Соңғы жылдары халық саны қарқынды өсіп келе жатқан Қарасай ауданына ерекше назар аударылып отыр. Ауданның инфрақұрылымын дамыту мақсатында электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жобалары қолға алынған. Қазіргі таңда бұл бағытта 16 елді мекенді қамтитын жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасы дайындалып, 5,7 млрд теңгеге республикалық бюджеттен қаржы сұратылды.

Алматы облысында жалпы құрылыс қарқыны жоғары деңгейде. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында өңірде құрылыс жұмыстары 28,7%-ға өсіп, 955 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 960 мың шаршы метр баспананы тапсыру жоспарланып отыр. Әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету мақсатында былтыр 442 отбасы тұрғын үймен қамтылды.

Тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың мәселесін шешу үшін «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» тарапынан 22,1 млрд теңгеге облигациялар шығарылып, 1331 пәтер сатып алу көзделген. Сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен спортшылар үшін арнайы «Алатау» өңірлік ипотекалық бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаға 3,1 млрд теңге қарастырылған.

Алдағы уақытта да өңірде тұрғын үймен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz