Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаев қаласының инфрақұрылымы: инженерлік жүйелер мен инвестициялық жобалар

Алматы облысының Конаев қаласы соңғы жылдары қарқынды дамуда, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
28.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Қала әкімі Асхат Бердіхановтың айтуынша, инфрақұрылымды жетілдіру – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудағы басты міндеттердің бірі.

Үш жыл ішінде қалада инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілді. Жалпы 106 шақырым су, кәріз, электр және газ желілері қайта жөнделді. Сонымен қатар, 19 шақырым автокөлік жолы жаңартып, көлік инфрақұрылымы айтарлықтай жақсарды, бұл экономикалық мүмкіндіктерді кеңейтуге ықпал етті.

Қаладағы 16,1 шақырым электр желілері толық жаңартылып, ескі подстанциялар заманауи құрылғылармен ауыстырылды. Бұл электрмен жабдықтауды тұрақтандырып, энергия үздіксіз берілуін қамтамасыз етті.
Сумен жабдықтау мен кәріз жүйелері де жаңартылуда. Қалада жалпы құны 1,9 триллион теңгеден асатын 80-ге жуық инфрақұрылымдық нысан салынып жатыр. Олардың ішінде 11 кәріздік станциясы қалпына келтірілуде. Осы жұмыстар тұрғындардың санитарлық-гигиеналық жағдайын жақсартып, экологиялық ахуалды оңалтады деп күтілуде.
Инфрақұрылымды жаңарту жобалары Конаевқа инвесторларды тартуға мүмкіндік беруде. Қалада жаңа өндірістік және тұрғын үй аймақтары пайда болып, жаңа жұмыс орындары ашылуда, бұл экономикалық дамудың жаңа деңгейіне жетуге жол ашады.
Қала әкімінің айтуынша, инженерлік желілердің жаңартылуы арқылы Конаев тұрғындарына сапалы қызметтер көрсетіліп, қала тұрақты дамудың жаңа кезеңіне өтуде.

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz