Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мүфтият ChatGP-ге қатысты мәлімдеме жасады

Өзбекстанның діни басқармасы жақында ChatGPT платформасынан діни кеңес алуға болмайтыны жөнінде пәтуа шығарды. Олар мұны жасанды интеллекттің адам қолымен жасалуы және кейбір жағдайда шариғатқа қайшы немесе қате жауап беруі мүмкіндігімен түсіндірді. Осыған орай БАҚ өкілдірі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) ресми сұрау жолдады. Басқарма Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары арнайы бас қосып, ChatGPT-ге қатысты өз ұстанымын жариялады, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.06.2025
Жаңалықтар

Мүфтият мәліметінше, ChatGPT сынды жүйелер – жасанды интеллектке негізделген, диалог форматында жұмыс істейтін бағдарлама. Ол мәтін аудару, ақпарат іздеу, деректерді саралау секілді техникалық тапсырмаларда пайдалы бола алады. Сондай-ақ жалпы діни білім алу барысында қосымша құрал ретінде қолдануға болады.

Алайда ҚМДБ діни үкім шығару мәселесінде ЖИ-ге жүгінуге болмайтынын қатаң ескертеді.

Неліктен ЖИ діни пәтуа бере алмайды?

Біріншіден, жасанды интеллект адамның жеке жағдайын, контексті мен ниетін ескере алмайды. Мәселен, отбасы, мұрагерлік немесе қаржыға қатысты мәселелер әр адамның өмірлік жағдайына байланысты ерекшеленеді. Шариғат бойынша мұндай сұрақтар тек нақты жағдайды толық зерттегеннен кейін шешіледі.

Екіншіден, ЖИ шынайы діни білімге емес, интернеттегі әртүрлі ақпарат көздеріне сүйенеді. Бұл көздер сенімсіз немесе дін талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін.

Ғылыми негізді кеңес – тек маманнан

Мүфтият Құраннан мысал келтіріп, діни білім мен үкімге қатысты мәселеде міндетті түрде білім иелеріне жүгіну қажет екенін еске салды: «Егер білмесеңдер, білім иелерінен сұраңдар» (Нахл сүресі, 43-аят).

Осылайша, ҚМДБ мамандары жасанды интеллектті тек қосымша ақпарат құралы ретінде пайдалануға болатынын, ал діни пәтуа алу үшін міндетті түрде шариғатты жетік меңгерген ғалымдарға жүгіну керектігін алға тартты.

Тегтер: Бас мүфтижасанды

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 33 мың гектардан астам жердің су мәселесі шешілді

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысында Джеки Чанның атын жамылған алаяқ қарияны алдамақ болды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Алматы облысындағы таулы аймақта Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қонды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

Іле ауданының мақтанышы: Жансая Ержан екі дүркін Азия чемпионы

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

«Әкем әлі тірі жатқан»: Алматы облысындағы өлімге қатысты тың деректер айтылды

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz