Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шаруаларға мемлекеттік қолдау көрсету қажет – Қонаев қаласының әкімі

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Шеңгелдіде орналасқан бірнеше шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
12.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Фото: Қонаев қаласының әкімдігі

Оның алғашқысы — «Smart Adam Agro» ЖШС. Бұл серіктестік жалпы ауданы 900 гектар аумақты игермек ниетте. Қазір егістікте жоңышқа, қызанақ егілген. Компания 7 дана ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған. Жаңбырлатып суару жүйесін де қолданысқа енгізген. Жалғыз мәселе – электр энергиясын пайдалану үшін құжаттарды рәсімдеу. Бұл жөнінде әкім желілердің қай мекемеге тиесілі екенін анықтап, қолдау көрсетуді тапсырды.

Одан кейін шаһар басшысы түрлі жеміс-жидек өсірумен айналысатын «Болашақ» шаруа қожалығына барды. Қожалық аумағы 20 га жерге тамшылатып суару жүйесін енгізді. Атап айтқанда: 10 га жерге қарақат, 6 га бақша дақылдары, 4 га жерге көкөністер егілді. 2026-2027 жылдары қарақаттың егу алаңын 30 га ұлғайту жоспарлануда. Алдағы уақытта қарақатты өңдеп, джем мен тосап өндіруге арналған шағын цехты іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар шаруа қожалық басшылығы агротуризмді дамытуды жоспарлауда.

«Шаруаларды мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктерін пайдаланған дұрыс. Қожалыққа қосымша жер телімін беруді қарастыру қажет. Жақын арада аукцион жарияланса, хабар беріп, байланысты үзбеу керек. Ауыл дамыса, еліміздің де дамығаны», — деді Асхат Бердіханов.

Ал «Марьям» ШҚ болса, аумағы 230 га жерге тамшылатып суару жүйесін енгізді. Егістікте бақша дақылдары, жүгері, жуа егілген. Су үнемдеу технологиясын енгізу мақсатында сомасы 70 млн.теңгеге сыйымдылығы 7000 текше метрлік су жинау бассейні мен сорғылар орнатылды. 2026-2027 жылдары егілетін көкөніс аумағын 100,0 га ұлғайту жоспарлануда. Компания басшылығы «Кең Дала» бағдарламасы аясында сомасы 40 млн.теңгеге құжаттар тапсырды.

Айта кетейік, биыл Шеңгелдіде ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 8 150,6 гектарды құрады.

Тегтер: Асхат БердіхановБасты жаңалықтарҚонаев қаласымемлекеттік қолдаушаруалар

Соңғы жаңалықтар

Число погибших из-за пожара в «Центре плова» в Щучинске выросло до 12 человек

Николай Иващенко
19.04.2026

Лазерное освещение появилось в области Жетысу на трассе «Ушарал – Достык»

Николай Иващенко
19.04.2026

В Алматинской области взорвался дом: пострадала семья

Николай Иващенко
19.04.2026

В Жамбылском районе расширяют посевные площади за счёт пастбищных земель

Николай Иващенко
19.04.2026

В «Городе кочевников» появился экопарк: высажено 500 деревьев

Николай Иващенко
18.04.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz