Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысының жастары донор болды

Донорлық қан әр сағатта, әр минутта қажет. Алматы облысының жастары өзгенің өмірін сақтап қалуға атсалысып, Қарасай ауданында өткен ауқымды “Жақсылық жаса, донор бол” акциясына қатысты, деп хабарлайды Alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
09.06.2025
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар

Жастар өз еріктерімен қан тапсырып, өзгеге өмір сыйлады. Донор болу арқылы науқас адамдарға, жарақат алған жандарға және қанға зәру пациенттерге үміт берді.

«Алғаш рет қан тапсырған сәтте қобалжу болды. Тіпті, кейін басым айналып, өзімді жайсыз сезіндім. Бірақ бұл жолы бәрі мүлдем басқаша өтті. Қан тапсыруға сеніммен келіп, жақсы көңіл-күймен шықтым. Ең бастысы бір адамның өмірін сақтап қалуға септігім тисе, бұл мен үшін үлкен бақыт. Алдағы уақытта да тұрақты түрде қан тапсыруды әдетке айналдырғым келеді. Мұнымен қоса, өзімнің қан тобымның ІІ оң топ екенін білдім. Бұл – өз денсаулығым жайлы маңызды ақпарат, әрі осындай игі істер арқылы адамның өзіне де пайдасы тиетінінің тағы бір дәлелі», — деді шараға қатысқан волонтер Батимаш Рузибаева.

Қан тапсыру – бұл мейірімділік пен адамгершіліктің айқын көрінісі. Әрбір донор – біреуге жаңа өмір сыйлаушы. Осылай деген облыстың 50-ден астам жасы акцияға қатысып, олардың тең жартысы донор болды.

«Қан тапсыру – әр азаматтың қолынан келетін қарапайым, бірақ маңызы мен құндылығы зор игі іс. Барша тұрғындарды осындай сауапты істерден шет қалмауға шақырамын. Бұл бастама тек қан тапсырумен шектелмей, қоғамдағы жанашырлық пен мейірімділікті арттыруға бағытталған. Мұндай шаралар адамдарды біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырады», — дейді шара ұйымдастырушысы облыстық Жастар ресурстық орталығының психолог маманы.

Маңызды процедурадан кейін қатысушыларды көпшілік қошеметпен қарсы алды. Құрметке бөленген донорлар ұйымдастырушылар тарапынан сертификаттар мен шағын сыйлықтарға ие болды.

Тегтер: донор

Соңғы жаңалықтар

Абай болсақ – апат азаяды

Акжаркын
14.10.2026

Әр балаға қауіпсіз орта қажет

Акжаркын
14.10.2026

Интернет алаяқтықтан сақтану – қауіпсіздіктің маңызды шарты

Акжаркын
14.10.2026

Зиянды әдетке жол жоқ: есірткімен күрес

Акжаркын
14.10.2026

Заң үстемдігі – әділетті мемлекеттің тірегі

Акжаркын
14.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz