Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

«Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы Алматы облысына 10 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты

Халықаралық сауда-өндірістік «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы өзінің 10 жылдық мерейтойына орай Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасына 10 заманауи жедел жәрдем автокөлігін сыйға тартты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
20.05.2025
Аймақ, Алматы облысы

«Біздің ойымызша, денсаулық сақтау – ел дамуының негізгі тіректерінің бірі. Сондықтан жедел жәрдем көліктерін сыйлау арқылы біз өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын нығайтуға өз үлесімізді қосқымыз келеді»,– деді компанияның басқарушы директоры Алексей Сердюков.

Өз сөзінде Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов компанияға шынайы алғысын білдірді:

«Сіздер өнім сапасымен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті терең түсіну арқылы да халық игілігі үшін еңбек етіп келе жатқандарыңызды көрсеттіңіздер. Бұл – бизнестің қоғаммен қарым-қатынастағы жауапты әрі оң көзқарасының айқын көрінісі. Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы, облыс әкімдігі және барлық өңір тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Сеніміміз зор – бұл игі іс өзге де ірі компанияларға үлгі болады», – деді ол.

Айта кетейік, «Маревен Фуд Тянь-Шань» компаниясы Қазақстанда 2015 жылы тіркеліп, 2018 жылы Қонаев қаласы маңында заманауи өндірістік-логистикалық кешенін іске қосты. Бүгінде компания Қазақстандағы азық-түлік өндіруші жетекші 10 компанияның қатарына кіреді.

Компания өндіріс барысында негізінен отандық шикізатты пайдаланып, барлық өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптары мен стандарттарына толық сәйкестікпен шығарады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтарқазақстан

Соңғы жаңалықтар

Студенты Алматинской области голосуют за будущее

Николай Иващенко
04.03.2026

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz